Силлабус 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі


ТАҚЫРЫБЫ: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әдеби дағдарыстар



бет21/36
Дата29.01.2023
өлшемі124,26 Kb.
#63581
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Әдеби үдеріс және сын 2022-23

ТАҚЫРЫБЫ: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әдеби дағдарыстар.
«Кемелденген социализм» тұсындағы әдеби сынның өзіндік ерекшеліктері. Партиялық принципке негізделген социалистік реализм әдебиеті теориялық мәселелерінің зерттеле түсуі. 60-жылдардағы әдеби сынның дамуы. «Қазақ әдебиеті тарихының» толықтырылып жазылуы.
80-жылдардағы қайта құрудың әдеби сынға әсері. Жазықсыз жабылған Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбектердің қайта оралған шығармаларын халқымызға қайта жеткізудегі сынның қызметі. Әдеби мұраны игеру, қазақ әдебиетінің тарихын қайта жасау мәселелері. Сын жанрларының қалыптасуы, дамуы. Қазақ әдебиеті сынының зерттелуі.
Әдеби процесстің ұлғаюы, жаңа туындылардың көбеюі-оны зерттеп, ғылыми бағалап отырған әдебиет сыны мен әдебиет туралы ғылымның дамуын тездетті. Тек 1956-66 жыл аралығындағы он жылда жүз елуден астам сын және зерттеу кітаптарының жарық көргені белгілі. Жеке зерттеулер мен әдебиетші ғалымдардың сыншылдық ойларын қорыту түрінде 6 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» жасалды. Онда қазақ ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихы, кеңестік дәуірдегі әдебиеттің даму жолдары белгілі жүйеге түсіп, жинақталды. Қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымының осы дәуірде қарқынмен дамуы, ең алдымен қоғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен байланысты болды. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин ақталып олардың кітаптары қайта басылды.
Қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған жаңа зерттеулер оны тұтас жинақтап көрсетуге де, ауыз әдебиетінің жанрын талдауға да, жеке ақындар шығармашылығын бағалауға да көңіл бөлінді.
Әдеби процесс жанрлық, тақырыптық даму тұрғысынан да, жеке ақын-жазушылардың шығармашылық жолын жинақтау, әдебиет тәжірибесін теориялық қорыту жағынан да зерттеле бастады. Сонымен бірге бұл дәуірде сын мақалалар жинақтарын жариялау дәстүрі қалыптаса бастады. М.Қаратаевтың, Е.Ысмайыловтың, Б.Кенжебаевтың, Т:Нұртазиннің, Т.Әлімқұловтың, Т.Кәкішұлының, С.Қирабаетың, Р.Бердібаевтың, А.Нұрқатовтың,, Қ.Нұрмахановтың, М.Базарбаевтың, Б.Сахариевтің кітап болып басылған еңбектері сынның әдеби процестегі ролін көтере түсті. Сыншылық ой-пікір жаңа сапалық қасиеттермен толықты. Қазақ сыншылары бірігіп, әдебиеттің даму бағытын айқындап, оның өзекті мәселелерін шешуге қатысты. Жалпы алғанда, бұл дәуір қазақ әдебиетінің жаңа қарқынмен дамыған кезеңі болды. Қазақ әдебиетінің тәуір туындылары дүние жүзіне таныла бастады. М.Әуезовтен кейін С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің, Т.Ахтановтың, Ә.Нүрпейісовтің, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтың шығармалары шет елдерге аударылып, таралды. «Алтын отау» атты қазақ фольклорының жинағы Германияда шықты. Абай мен Жамбыл жырлары Шығыс Еуропа халықтарының бірқатар тілдеріне аударылды. Қазақ әдебиеті мен жазушылары туралы Л.Арагон, А.Стиль, М.Борис, В.Баум, А.Куреллан, А.Вюрмсер, П.Филибер, т.б. шетел әдебиетшілері пікірлер айтты. Қазақ жазушылары әлем әдебиетімен қарым-қатынаста түсіп, шет елдердің тәуір туындыларын қазақ тіліне аударуға жәрдемдесті.
Тапсырмалары мен сұрақтары:
1.Көркемдік шеберлікті шынайы түсіну –
2.Жаңа әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік функциясын күшейтудің негізгі арнасы.
3.Социалистік реализм әдісінің принциптері, формализм, футуризм, символизм, акмеизм мен пролеткульшылдардың теріс көзқарастары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет