4. Пәннің мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында химия, биология пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасауды меңгеру
5. Пәннің міндеттері: 1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету;
2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;
3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.
6. Құзыреттілігі
білім алушылар химия, биология пәндері бойынша бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін біледі және түсінеді;
бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын қолданады;
оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады;
критериалды бағалаудың теориялық негіздері туралы білімін қолданады;
бағалау процедурасын ұйымдастыра алады.
Білім беру бағдарламасы бойынша қалыптастырылатын оқыту нәтижелеріне сәйкестілігі:
ON 7
Орта мектепте химияны оқыту әдістемесін, химиядан есептерді шешу әдістемесін, цифрлық білім беру технологияларын, химияны оқытудағы әдістер мен тәсілдерді білу және түсіну және оларды орта мектепте химияны оқытуда қолдану дағдыларын көрсету.