Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері


Аналогияның мүмкін боларлық сипаты



бет178/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   213
Байланысты:
Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері

Аналогияның мүмкін боларлық сипаты. Толық емес индукциядағыдай, аналогия бойынша ой қорытындысының нәтижелерінің мүмкін боларлық сипаты болады, қазіргі заманғы логикада бұндай ой қорытындыларын шынайылар қатарына жатқызады. Бұнда аналогияның мүмкін боларлық дәрежесі кең ауқымда болады, ол мүмкін боларлықтың кішкентай дәрежесінен басталып, практикалық шынайы мүмкін боларлық дәрежемен аяқталады. Логикалық әдебиеттерде аналогиялар арасындағы айырмашылықтар әдетте, сапалы формада сипатталады, яғни қатал емес немесе қатал аналогия ретінде қарастырылады.

Аналогия бойынша қорытынды жасаудың шынайылығы немесе мүмкін боларлығы төмендегілерге тәуелді болады:



  • салыстырылатын заттар мен құбылыстарда табылған ұқсас қасиеттер мен қатынастардың саны;

  • таңдалатын қасиеттер немесе қатынастардың мәнділігі;

  • салыстырылатын заттар мен құбылыстардың басқа мәнді қасиеттері мен қатынастарындағы ауыстырылатын белгілермен байланысының болуы;

  • объектілердің ұқсас қасиеттері мен қатынастарын дәл сандық формада көрсету мүмкіндігі.

Аналогияның әлсіз дәлелдеуші күші болады, сондықтан көп жағдайда жаңа болжамдар мен заңдылықтарды іздеу үшін қолданылады. Аналогия бойынша ой қорытындыларының мүмкін боларлық дәрежесін ұқсақтық теориясының талаптарын сақтау және белгілі жағдайлардың болуына қарай арттыруға болады, онда қол жеткен мүмкін боларлықтың кез келген дәрежесі практикалық шынайылықтан ешуақытта артпайды. Бұл ереже атап айтсақ, аналогияның қазіргі формаларына енгізіледі, олар математикалық тұрғыда дәл құрылуы керек, ал модельден түпнұсқаға өту барысында ұқсақтық теориясының талаптары сақталады. Олардың мүмкін боларлық дәрежесін арттыруға болады, бірақ ол қатал аналогияның деңгейінде сақталып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет