Аналогияның жалпы сипаттамасы. Индукция сияқты, аналогия білімді ауыстырумен байланысты, бірақ индукциямен салыстырғанда, ондағы білім бір объектіден өзіне ұқсас объектіге аударылады. Индукция кезінде объектілердің ортақ белгілерінің басқа объектілерге ауысуы жүзеге асырылғанмен, бұнда білімді жалпылау жүзеге асады. Сондықтан индукцияны жекеден жалпыға қарай ой қорытындысын жасау ретінде анықтайды, ал аналогия жеке объектіден басқа жеке объектіге қарай ой қорытынды жасау ретінде қарастырылады. Осылайша, аналогияға екі объектінің бір белгілері бойынша, олардың ұқсастығын басқа белгілері бойынша тұжырым жасау негізінде ой қорытындысы ретінде анықтама беруге болады.
Сондықтан, аналогияны іздеу белгілері мен қатынастары бойынша, екі объектінің ұқсастығы мен айырмашылығын қалыптастыру үшін, оларды салыстырудан басталады. Содан кейін, ұқсас белгілер мен қатынастар арасында бір-бірімен салыстырылатын маңызды және мәнді белгілер анықталады. Егер қарастырылатын объектілер мәнді белгілері бойынша ұқсас болса, онда олар алғашқы белгілері мен қатынастары бойынша да ұқсас деп айтуымыз дұрыс болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |