Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері


Тарихи-салыстырмалы әдіс –



бет183/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   213
Тарихи-салыстырмалы әдіс – ғылыми-тарихи танымда кең қолданылатын әдістердің бірі. Тарихи-салыстырмалы әдіс ұқсастығы мен айырмашылығы бойынша зерттелетін тарихи-педагогикалық құбылыстардың мәнін ашуға, сонымен бірге уақыт пен кеңістік бойынша салыстыру жүргізуге мүмкіндік береді (яғни, тігінен және көлденеңінен). Салыстыруға арналған негіз - тарихи-педагогикалық даму сырттай және іштей, саяси, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени, білім беру және т.б. факторлармен негізделеді. Бұл әдістің логикалық негізі бойынша, педагогикалық деректер мен құбылыстардың мәнінің ұқсастығы мен айырмашылығын қалыптастыру тәсілі ретінде аналогия алынады, оны қолдану барысында салыстырылатын объектілердің белгілерінің ұқсастығы, басқа белгілердің ұқсастығы туралы тұжырым жасаудың негізі болып табылады. Тарихи-салыстырмалы әдіс: біріншіден, бар деректердің негізінде зерттелетін құбылыстардың мәнін ашуға, ортақ және қайталанбайтын, қажетті және заңдылықты анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, аналогия негізінде зерттелетін құбылыстардың шеңберінен шығуға, кең тарихи-педагогикалық параллельдер мен тұжырымдарға келуге мүмкіндік береді. Бірақ тарихи-салыстырмалы әдісті қолданудың жетістігі – құбылыстардың қарапайым ұқсастығын ғана емес, оның мәнді белгілерін айқындайтын нақты деректер салыстырылуы қажет болғанда анықталады.

Тарихи-генетикалық әдіс неокантиандардың идеографиялық әдісіне жақын, әсіресе оны тарихи зерттеуде қолданудың бірінші сатысында тиімді болып саналады, себебі бұл кезде қайнар көздерден ақпарат алу, оны жүйелеу және өңдеу жүзеге асады. Сонда зерттеушінің назары жеке тарихи деректер мен құбылыстарға жинақталады.

Тарихи-генетикалық әдісті қолдану Тит Ливийдің «История Рима от его основания» еңбегіне тән. Оны қолдану арқылы ресей тархы бойынша С.М.Соловьевтің және В.О.Ключевскийдің жалпылаушы еңбектері, украин тарихы бойынша М.С.Грушевскийдің, белорус тарихы бойынша М.В.Довнар-Запольскийдің еңбектері жазылған. Тарихи-генетикалық әдісті Э.Литтре, Ж.Э.Ренан, Л.фон Ранке және т.б. сияқты тарихшы-позитивистер кеңірек енгізді. Тарихи-генетикалық әдісті қолданудың үлгісі ретінде Д.И.Неусыхин және В.К.Шохин сияқты ресей тарихшыларының жұмыстарын атауға болады. Осы әдістің негізінде Д.И.Неусыхин YI-YIII ғ.ғ. Батыс Еуропа халықтары мен әртүрлі тайпаларындағы қауымдастықтың құрылымы мен сатыларын зерттеді. Автор қауымдастықтың алғашқы формаларының басқа формалараға айналуын бақылады, осыған байланысты қауымдық және отбасылық-дара жеке меншіктің әртүрлі формаларының пайда болу процестерін өндірістің құралдарына қарай зерттеді. Осы процестерді зерттеу, қауымның ішіндегі теңсіздіктің пайда болуы мен ондағы әртүрлі әлеуметтік топтардың анықталуына, қауымның көптеген мүшелерінің феодалды-тәуелді шаруаларға айналуына ықпал етті.

Үндітанушы В.К.Шохин XI-XY ғасырдың ортасындағы орыс мәдениетінің ежелгі үнді мәдениетімен байланысына талдау жасады. Ежелгі Русь мәдениетіне Үндістан мәдениетімен байланысты шығыс-жерорталық мәтіндерді трансплантациялау нәтижесінде, отандық жазба мәдениеті ежелгі үнді әдеби сюжеттерімен байытылды. Ежелгі үнді тарихи шындықты меңгеру орыс кітапшасының тарихи-мәдени ойлауының перспективасын барынша кеңейтті.

Тарихи-генетикалық әдістің әлсіз жақтары ретінде біріншіден, жинақталған және жүйеленген тарихи деректерді теориялық талдау рөлінің төмендеуін, екіншіден, дәл логикалық негіздің және құрастырылған категориялы аппараттың болмауын атауға болады. Осы әдіс арқылы жүргізілген зерттеулерді біріктіруге болмайды және солардың негізінде тарихи шындықтың біртұтас бейнесін құруға болмайды. Аталған әдіс тарихи құбылыстар мен процестердің бірқатарын зерттеуге келмейді, мысалы, көпшілік. Оны басқа арнайы-тарихи әдістермен бірлікте қолдану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет