Байланысты: Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері
Тарихи-генетикалық әдіс ең алдымен, педагогикалық және тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестердің даму динамикасын талдауға бағытталған. Ол оның тарихи қозғалысы барысында тарихи-педагогикалық шындықтың қасиеттерін, функцияларын, ерекшеліктерін, тенденциялардың пайда болуының және дамуын сипаттау және бірізді зерттеу үшін кең мүмкіндіктер береді. Бұл әдісті қолдануда таным бірізді түрде бірліктен ерекшеге қарай, одан кейін ортаққа және ең соңында жалпыға қарай жүреді. Тарихи-генетикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен құрылымдардың қызмет етуі мен дамуының себепті-салдарлы байланыстары мен заңдылықтарын анықтауды қамтамасыз етеді. Бірақ зерттеушілер бұл әдісті басқа әдістерден бөлек қолдануда, абсолютизация фактографизмге, эмпиризмге, нәтижелерді баяндауда сипаттаушылыққа әкелетінін ескерулері керек.