Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері



бет185/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   213
Тарихи-типологиялық әдіс тарихи оқиғалар мен құбылыстардың кеңістіктік топтарындағы ортақ белгілерін және олардың үздіксіз-уақытша дамуындағы біртекті сатыларды анықтаудың құралы болып табылады. Типологизацияның мақсаты - ортақ белгілері бойынша, объектілерді жүйелеу және реттеу, олардың жиынтығын сапалы белгілі типтерге (сатыларға) бөлу болып табылады. Формасы бойынша типологизация – бұл классификацияның бір түрі, ал мәні бойынша – сапалы талдаудың бір тәсілі. Типологизация жүргізуде бірқатар қиындықтар пайда болады. Бірінші қиындық - типтердің сапалы табиғаты белгілердің жиынтығымен сипатталады. Сол себепті, осы белгілердің құрамының анықталуымен байланысты қиындықтардан басқа, көпжақты классификацияны жүзеге асыруда қиындықтар туындайды. Аталған жағдайда, жинақтау мен топтаудың дәстүрлі тәсілдерінің тиімділігі төмен болады, себебі белгілі бір типтерге жинақтау қажет көпшілік топтар пайда болады. Бұл қиындықты барлық айқындалған белгілерді көпжақты және бір уақытта есепке алу негізінде, көпжақты интеграциялық топтауды қолдану жолы арқылы жоюға болады. Бұндай қолдану өз кезегінде көпжақты статистикалық талдауға жататын арнайы әдістерге жүгінуді қажет етеді.

Типологизацияның келесі қиындығы – бір типке жататын объектілердің әртүрлі шамадағы қажетті белгілерінің болуымен туындайды: біреулері аталған типке тән, екіншілері – басқа типке тән. Сондықтан алғашқылары типтің ядросының құрамдас бөліктері ретінде анықталуы керек. Бір типке енетін объектілердің басқа типтегі объектілермен ұқсас белгілері болуы мүмкін.

Типологизация ғылыми таным әдісі ретінде өзінің мақсаты – объектілер мен құбылыстар жиынтығын оларға тән ортақ мәнді белгілері негізінде құбылыстардың жаңа сапалы белгілі типтеріне реттеу болып табылады. Типологизацияның негізінде педагогикалық құбылыстардың типін анықтау, зерттелетін педагогикалық шындықтың қасиеттері мен базалық сапаларының болуы мен есепке алуы жатыр. Тарихи-педагогикалық зерттеулерде тарихи-типологиялық әдісті қолдану педагогикалық шындықтың орнын адекватты бейнелейді және ерекше ғылыми нәтиже береді.

Осылайша, типологизация бірқатар әдіснамалық принциптерді сақтауды талап ететін, күрделі танымдық процесс болып табылады. Біріншіден, негіздерді анықтау, олардан сапалы белгілі объектілер мен құбылыстардың типі анықталады. Екіншіден, зерттелетін шындықтың мәнді қасиеттерін есепке алып, типтерді анықтау. Сонымен қатар, тарихи-типологиялық әдістің тиімділігі индукциялық, дедукциялық және дедукциялық-индукциялық тәсілдерді енгізу арқылы айқындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет