4. Салыстыру – объектілердің ұқсастығы немее айырмашылығы туралы пайымдаулар негізіндегі танымдық операция. Салыстыру көмегімен заттардың сандық және сапалық сипаттамалары анықталады. Салыстыру – бұл олардың арақатынасын анықтау мақсатында бір затты екіншісімен салыстыру. Салыстыру арқылы анықталатын қатынастардың қарапайым және маңызды типі – бұл ұқсастық және айырмашылық қатынастары. Салыстырудың класс құрайтын «біртекті» заттардың жиынтығы арқылы маңызы болады. Класс бойынща заттарды салыстыруды қарастыру үшін, мәнді белгілер бойынша жүзеге асырылады.
5. Жалпылау - заттардың жалпы қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру процесі. Абстракциямен тығыз байланысты. Жалпылаудың гносеологиялық негізі ретінде ортақ және бірлік категориясы алынады.
Жалпы – бірлікті бірнеше құбылыстарға немесе аталған кластың барлық заттарына жататын, ұқсас, қайталанатын белгілерді айқындайтын философиялық категория. Жалпының екі түрін бөліп қарастыру қажет:
А) абстрактілі-жалпы, бірқатар бірлікті заттардың жеңіл ұқсастығын білдіретін сыртқы ұқсастық . Жалпының аталған түрі салыстыру жолымен анықталады, танымда шектелген, бірақ маңызды рөл атқарады.
Б) нақты-жалпы, өзара іс-әрекеттегі бірқатар бірлікті құбылыстардың болуы мен дамуының заңы. Жалпының аталған түрі топтағы ұқсас, ішкі, қайталанатын, терең құбылыстардың негізін, оның дамыған формасындағы мәнін айқандайды, яғни заңды айқындайды. Жалпының екі түріне сәйкес, ғылыми жалпылаудың екі түрін бөліп қарастырады: кез келген белгілерді анықтау және мәнді белгілерді анықтау.
Басқа негізі бойынша, жалпылауды анықтауға болады:
А) жеке деректер мен оқиғалардан олардың ойлаудағы көрінісіне (индуктивті жалпылау);
Б) бір ойдан екіншісіне, жалпы ойға өту (логикалық жалпылау). Жалпылау шексіз болуы мүмкін емес. Оның шекарасы ретінде текті ұғымдары жоқ және жалпылауға келмейтін, философиялық категорияларды атауға болады.
6. Индукция – бақылау мен эксперимент нәтижелерін жалпылаумен және жекеден жалпыға қарай жүретін ой қозғалысымен байланысты, зерттеудің логикалық тәсілі. Индукцияда аталған тәжірибелер жалпыға қарай жүреді. Тәжірибе шексіз және толық болмағандықтан, индуктивті тұжырымдардың мәселелі (мүмкін боларлық) сипаты болады. Индуктивті жалпылаулар әдетте, тәжірибелі шындықты немесе эмпирикалық заңдарды қарастырады.
7. Дедукция – таным процесінде жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы; логикалық тұжырым процесінде логиканың белгілі ережелерінен олардың қорытындысына қарай өту. Ғылыми танымның бір тәсілі ретінде, индукциямен тығыз байланысты, олар диалектикалық өзара байланысты ой қозғалысының тәсілдері. Аналогия шынайы білім бермейді: егер аналогия бойынша ой қорытындылары шынайы болса, қорытынды да шынайы болады деген сөз емес. Аналогия бойынша тұжырымдардың мүмкін боларлығын арттыру үшін, төмендегілерге ұмтылу қажет:
А) салыстырылатын объектілердің сыртқы емес, ішкі қасиеттеріне;
Б) бұл объектілер маңызды және мәнді белгілері бойынша ұқсас болады;
В) сәйкес келетін белгілердің шеңберінің кең болуы;
Г) ұқсастық ғана емес, айырмашылықтар да ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |