ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС 1.Пән туралы ақпарат Халық ауыз әдебиеті және оны оқыту Кредиттер саны -3
1 курс 1 семестр 2022-2023 оқу жылы Мамандықтың шифры: 6В01701, 6В01704 Мамандықтың атауы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» (4 жылдық), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (3 жылдық), «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Сыздыков С.Қ. - аға оқытушы, магистр
Ұялы телефон: 87079888327 Email: sake.sakebaev@mail.ru, Karligash_80@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан) Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды. Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы: “Халық ауыз әдебиеті»” пәні бойынша бірінші курс студенттерін әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері, фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың даму, қалыптасу кезеңдері мен зерттелу тарихы тағы да басқа мәселелерге баулу болып табылады.