Силлабус пән туралы ақпарат Халық ауыз әдебиеті және оны оқыту



бет2/5
Дата02.11.2022
өлшемі60,98 Kb.
#47047
1   2   3   4   5
Байланысты:
Силлабус ХАӘ 2023 (3)

Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: "Ауыз әдебиеті" пәнін оқу негізінде студент: тұмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, ертегілер, аңыздар, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиетінің әр алуан жанрларын қамтитын мәтіндерді, олардың варианттарын, фольклортану ғылымының пайда болу, даму, қалыптасу тарихын, жанрлық түрлерін талдап-таразылаған шетел және қазақ ғалымдарының еңбектерін білуі керек. Сонымен қатар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің өзара айырмашылықтарын байқататын белгілерді ажырата білуді, ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерінің әрқайсысына тән ерекшеліктерді тап басып тануды, осы бағытта жазылған ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып,ой қорыта білу,сол арқылы творчестволық, ғылыми ойлау тұрғысындағы білімді қабылдай білу дағдыларын меңгеруі керек.
Пәннің негізгі міндеті Пәннің негізгі міндеті «6В02301 - Тілдер және әдебиет (Филология)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН10 – тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады;
- Қазіргі заманғы қазақ тіл білімі және әдебиеттанудың теориялық негіздерінің ғылыми тұжырымдарын қорытындылай алады, қазіргі қазақ тілі салаларының теориясы мен тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы мен кезеңдерінің негізгі қағидаларына талдау жасайды;
ОН12– қазақ әдебиетінің тарихын, теориялық мәселелерін және даму бағыттары мен үрдістерін біледі және көркем шығарманы талдауда қолданады.
Қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ фольклористикасы және тіл білімі мәселелері бойынша соңғы компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы рефераттар, мақалалар, эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, ғылыми баяндамалар, филологиялық пікірлер жазады.
– Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті материалдары негізінде көркем шығарманы талдап, талқылай алады. Әдебиеттану ғылымының даму заңдылықтарын, әдеби үдерістегі шығармашылық мазмұнын, жаңа бағыттардың, әдеби мәтіндердің өзекті мәселелері бойынша теориялық білімді меңгерген, алынған білімді жұмыста қолданаалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет