Пәннің негізгі міндеті «6В01701 - Тіл мен әдебиеті мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады: ОН 10 – тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады; ОН12 – қазақ әдебиетінің тарихын, теориялық мәселелерін және даму бағыттары мен үрдістерін біледі және көркем шығарманы талдауда қолданады. 4.Курстың академиялық саясаты: Әдебиет туралы ғылым тарихы мен теориясының, сөз өнерінің қоғамдық функциясын түсініп, практикада қолдана алады.
Академиялық тәртіп ережелері: Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады.Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау. Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: Оқу әдебиеті:
Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы: оқу құралы / Т.О. Есембеков. - Алматы: Қазақ университеті, 2020. - 186 б.
Тамабаева Қ.Ө. Көркем шығарма және оны талдау жолдары: оқулық. 2019.
Таңжарыкова А. Көркем мәтінді талдау негіздері» (инфографика, тірек-талдау үлгілері, мақалалар) Оқу құралы. Алматы: «Servise Press», 2021. - 260 б.
Сманов Б. Көркем шығарманы талдау негіздері. – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2016. – 366б.