Силлабус ќ±рылымы



бет7/16
Дата01.12.2022
өлшемі111,39 Kb.
#54137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дәріс 4-15

Дәріс жоспары:



  1. Әдебиеттің халықтығы жайлы көзқарастар

  2. В.Г. Белинскийдің әдебиеттің халықтығы жайлы тұжырымы

  3. Абай шығармашылығындағы халықтық



Дәріс мазмұны

Әдебиеттің халықтығы ­ тарихи категория. Прогресшіл адамзаттың жалпы көркемдік даму тарихының әр кезеңінде бұл ұғым әр сипатта болды. Мұны бір тұста Пушкин де ескерткен: « Бірқыдыру уақыттан бері біздің арамызда халықтық жайлы сөз қозғау, халықтықты талап ету, халықтықтың жоқтығына қынжылу әдетке айналды. Бірақ халықтың деген сөздің мағынасы не? Оны анықтау ешкімнің ойына келмей жүр».


Шынында да солай еді. Бір ғана орыс әдебиетінің соңғы бір-екі ғасырдағы тарихына көз салсақ, бұл әдебиеттің халықтығы жайлы әр білгіштің пікірі әр тарап екенін көреміз.
Алғашқы әзірде әдебиеттің халықтығы туралы ұғым халық бұқарасынан шалғайда жатты: «Бүкіл халықтың асыл бейнесі мен жаны – дворян әулеті», – деді Карамзин. Бұған қарағанда халықтық деген ұғымды қаламгердің тегіне теліп, «қарапайым» халық арасынан шыққан (А.В. Кольцов секілді) ақындардың өлеңдері халықтық болуға тиіс деген пікір ұшқары болса да, бір адым алға басқандық еді. Бірақ бұған бақсақ, дворяннан шыққан Пушкиннен де, шонжар әулеттен шыққан Абайдан да халықтық шығарма күту қиын еді. Кейінірек бұл ұғым өзгеріп, әдеби шығармада шаруалар өмірінің шындығы суреттелсе, халықтық деп танылып жүрді. Мұнда да аз-кем ілгерілеу бар, бірақ бұл да онша дәйекті пікір емес. Бұған қарағанда шаруалардың тұрмыс-тіршілігін шалғай шығармалар халықтық сипатта болмай шығар еді. Одан соң бір кезде ауыз әдебиетінің бейнелеу тәсілімен, оқиға үлгісімен, сөз өрнегімен жазылған шығарма – халықтық шығарма деп танылып, мысал ретінде Пушкиннің «Руслан мен Людмиласы», Лермонтовтың «Алпауыт Калашников туралы жыры» алынып жүрді. Бұған келіссек, сол Пушкиннің «Евгений Онегині» мен сол Лермонтовтың «Біздің заманымыздың геройы» халықтық шығарма бола алмайтын сияқты.
Дегенмен, А.С. Пушкиннің тұсында әдебиеттің халықтығы туралы ұғым біраз тереңдей келе жаңа сипатқа ауысты. Оған ұлы ақынның әдеби шығармадағы халықтық қасиет, халықтық рух, әсіресе ұлттық ерекшелік жөнінде айтқан өз пікірлері де себеп болғанды. «ауа райы, ел басқару сыңайы, сенім-наным жайы», - деп жазды Пушкин, - әр әр халыққа азды-көпті поэзия айнасына түскендей айрықша келбет береді. Әр халықтың тек өзіне ғана тиесілі ойлау және сезіне машығы, ұлан-ғайыр дәстүрі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады». Ал дәл осы тұрғыдағы Н.И. Надеждиннің пікірі мынадай. «Халықтық дегенді өз басым орыс ауылының кескін-келбетін күллі өзге кісілерден ерекшелендіріп тұратын сыртқы һәм ішкі, тән һәм рухани қасиеттердің қосындысы деп білемін. Қандай сословиеде болсын, ағарту мен азаматтықтың қандай сатысында тұрсын, орыс адамының тек өзіне ғана тән айрықша мінезі бар... Орыс ақылында өзіне тән айрықша бүкпе бар, орыс жігерінде өзіне тән айрықша серпін, айрықша оралым бар, сондай-ақ орыстың бет пішінінде өзіне тән айрықа түр, айрықша сыр бар».
Әдебиеттің халықтығын бұлайша ұғынудың біршама мәні бар екені даусыз. Әр ұлттың тарихи тағдырына сай, туған топырағына, өскен ортасына лайық мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасатыны мәлім. Мұның бәрі әр ұлттың өзіне тән өзгешеліктерін ­ сыртқы түріндегі ғана емес, ішкі сырындағы айрықша сипаттарын да белгілейтіні хақ.

№ 7 дәріс


Тақырыбы: Көркем шығарма




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет