Силлабус ќ±рылымы



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата10.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#136298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс 4-15

 
Дәріс жоспары
1.
Алғашқы әдеби-эстетикалық байыптаулар. 
2.
Қалыптасқан эстетикалық байлам-тұжырымдар. 
3.
Классикалық поэтика үлгілері мен өкілдері. 
4.
Эстетикалық ойдағы жаңа кезең. 
5.
Әдебиет, өнер туралы марксистер көзқарасы. 


Дәріс мазмұны 
Байырғы Вавилон жұрты (бірінші вавилон династиясы тұсында, яғни б.э.б. 2 
мыңыншы жыл) «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастан – батырлық поэма. 
(И.М:Дьяконов аударып бастырған варианты «Гильгамеш туралы эпос»). 
Көне үзінді жұрты шамамен б.э.б. ХХ ғ. шамасында жалпы көлемі «Илиада» мен 
«Одиссеяға» барабар 1028 жылы шығарып оларды «Ригведа» 10 кітапқа 
топтастыру. 
Тағы 1000 ж. өткен соң «Ригведа» үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары 
«Махабхаратаға», одан келе «Рамаянаға» ұласады. 
«Махабхарата» - 19 кітаптан тұратын дастан. Өлең көлемі – 214 мың жол немесе 
«Илиада» мен «Одиссеядан» (екеуін қосып есептегенде) 8 есе артық. 
Көне үнді поэтикасында қалыптасқан ережелер мен көркемдік принциптер негізі 
қаланған. Онда логикалық байыптау, творчестволық жинақтау, эстетикалық 
жүйелеу орын алған. Ал, байыптау, жинақтау, жүйелеу болған жерде теория 
болады. 
Барлық үнді жазушылары өз шығармаларын «Ригведа» өлеңдеріндегі, 
«Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарындағы сюжеттер мен образдар негізінде 
ғана жазуы шарт болған. 
Калидаса өзінің «Шакунтала» драмасын «Махабхаратаның» эпизодына құрса, 
Тулси Дас (ХҮІ ғ.) «Рамаяна» сюжетін негізге алып, «Рамаяна», яғни 
«Рамачаритаманаса» деген поэма жазған. 
Көне Қытай «Ән кітабы» (Щи-цзин), «Құбылу кітабы» (И-цзин). 
Көне Египет «Ағалы-інілі екеу туралы ертегі»3 мың жыл шамасы бұрын. 
Байырғы эллада эстетикасы. 
Пифагор (б.э.б. ҮІ) – дүниедегі зат атауының түп мәні – сан. 
Музыка астабы. Шектің ұзын-қысқалығы. Диалектикалық түсінік Гераклит 
Эфеский (б.э.б. 530-470 ж.ж.) Гераклитте пифагорлық тәрізді әдемілік дегенде негіз 
болатынын мойындайды. Бірақ ол сан емес, сапа деп біледі. 
Оның ұғымына әдемілік тек қана нақты, затты нәрсеге тән. Ал осының өзі 
шартты: әп-әсем маймыл адаммен салыстырсақ – атарсыз, жексұрын да, ең әдемі 
адам құдаймен салыстырсақ – маймыл. 
Гераклиттің әсер, сезім, таным, жалпы эстетикалық қабылдау тарапында қатып 
қалған қатаң абсолют болмауын, әсемдік ішіндегі догматизмге қарсы шығуы еді. 
Демокрит (б.э.б. 460-370 ж.ж.) әр нәрсенің әсемдігі оның мөлшерінде деп біледі: 
«мөлшерден артық кету де, кем түсу де» оған ұнамаған. Күллі ұлт ойшылдарының 
ішінде бірінші боп Демокрит адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеумен тапқан 
деп көрсетеді. 
Адам өрмекшіден тоқу, қарлығаштан үй салу, бұлбұлдан ән салуды үйренген. 
Сократ (б.э.б. 469-399 ж.ж.) әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, 
ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. 
Платон (б.э.б. 427-347 ж.ж.) «Үлкен Итей» диалогы. 
Аристотель (б.э.б. 384-322 ж.ж.) «Поэтика» - күллі көркемөнер туралы тұңғыш 
философиялық-эстетикалық трактат. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, 
әдеби шығарманың композициясы, характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, 
хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. талдап тексерілді. 
Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты – 
ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен ісін суреттеу деген 


даналық қағидасы. Оның «Поэтикасы» Лессингтің «Евклид элементтеріндей мінсіз 
шығарма» деп тануы да, Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы 2 мың жылдан 
астам уақыт үстемдік құрғанына тамсануы да осыдан. 
Рим ақыны Квинт Гораций Фланк (б.э.б. 65-8 ж.ж.) «Поэзия ғылымы» - 
теориялық поэма. Антикалық поэзия өнері жайындағы тамаша ойлар,сарабдал да
парасатты талғам бар. Горацийдің көбіне-көп көңіл бөлгені көркем шығарманың
композициясы.Ол шығарманың шынайы, сұлу болуын талап етеді.
Ортағасырлық шығыстағы эстетикалық ой-пікірлердің басында Әл-Фараби
тұр. Қазақ топрығаныдағы Сыр өңірі бойында зәулім шаһар Отырарда (Фарабта) 
туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу насыр Әл Фарабидің (871-950) бүкіл 
дүниежүзілік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқырап
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі ғажайып құбылыс. 
Данышпан ғалымның бүкіл әлем эстетикасфына айтулы үлес болып қосылған 
«Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді күрделі зерттеуін музыка жайлы талдау, 
ырғақтарды топ-топқа бөлу т.б. әр алуан ғылыми еңбектерін айтуға болады. Әл-
Фарабидің «Поэзия өнерінің канондары туралы трактаты» мен «Поэзия өнері»
туралы еңбегі өлең жайлы, жалпы өнер хақындағы аса бағалы байыптаулар 
болып табылады. Әл-Фараби қалыптастырған әдебиеттану мектептерінің м үлгі-
өнегелерін Әбу-Райхан Бируни (973-1050), Әбу Әли Ибн-Сина( 980-1037), Омар-
Һайям (1048-1130), Әбдірахмен Жәми секілді әлемге әйгілі ойшыл ғұламалар
ұстанған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет