Силлабус ќ±рылымы



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата10.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#136298
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
 
 
Дәріс жоспары: 
 
1.
Көркем шығарма құрылымы 
2.
Мазмұн мен пішін 
3.
Тақырып пен идея 
4.
Көркем шығармадағы идея (форма) бөліктері (компонент) 


Дәріс мазмұны 
Көркем әдебиет өзінен – өзі көркем әдебиет болмайды.Ол жекелеген көркем 
шығармалардан құралады. Көркем шығарманы түсіну- әдебиетті түсіну, әдебиет 
жайлы ой айту, тұжырым жасау. Құбылыстың жалпылық және жалқылық 
ұғымдарын, қасиеттерін түсіну деген сөз. 
Көркем шығарма іштей екі бөліктен : 1) мазмұннан және 2) пішіннен тұрады. 
Ұлы Абайдың өлең өнеріне қатысты мынадай сөздері бар:
«Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл , жүрекке жылы тиіп, 
Теп – тегіс , жұмыр келсін айналасы.» 
Ұлы ақынның «тілге жеңіл, теп- тегіс, жұмыр келсін»,- деп отырғаны пішін 
де, ал «жүрекке жылы тисін»- дегені мазмұн. 
«Әдебиет – ықшамдалған әлем»(Салтыков-Щедрин) болса, әдеби шығарма – 
сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі. Ол – өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, 
қия – қалтарысы көп шытырман шындық. «шұғаның белгісі», «Еңлік- Кебек», 
«Сұлушаш», «Абай жолы»... Оқимыз, тұшынамыз, тағы оқимыз, ойланамыз. 
Жалықпаймыз. Әр оқыған сайын байқамаған жаңа, соны сыр ұққандай боламыз. 
Шын мәніндегі шынайы өнер туындысы оқырманға осылайша әсер етуге тиіс. 
«Көркем шығарма жазу, – дейді Л.Леонов,– әрқашан пішін жағынан өнер 
табу, мазмұн жағынан жаңалық ашу». Мазмұн мен пішінге жан тебірентер 
өнерпаздық қасиет дарыту – тек тарлан таланттың ғана қолынан келетін іс. 
Сылдырап өңкей келісім. 
Тас бұлақтың суындай... 
Абайдың осы сөздерінде терең мағына бар. Шын мәніндегі өнер туындысының 
айрықша асыл қасиетін, сыртқы түр мен ішкі сырының тамша үндестігін осыдан 
артық дәл тауып айту қиын.Әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегенннің өзі 
де осы – көркем шығарманың шынайы сұлулығы, яки «тас бұлақтың суындай 
сылдыраған өңкей келісім». 
Мазмұн мен пішін тек қана әдеби, көркемдік ұғым ғана емес, сонымен бірге 
іргелі философиялық , тарихи ұғымдарға( категория) жататындығын айтуымыз
қажет. 
Мазмұн мен пішін – ең алдымен философиялық ұғым( категория) . Өнердегі 
ғана емес, өмірдегі , ақиқат шындықтағы кез келген затқа, құбылысқа тән қасиет. 
Заттар мен құбылыстардың ішкі сапалық қасиеті – мазмұн болса, ал заттар 
мен құбылыстардың сырқы сапалық қасиеті – пішін болады. 
Мазмұн 
мен 
пішін 
бір-бірімен 
ажырағысыз, 
диалектикалықбірлікте,тұтастықта болады. Мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз 
мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні;басқа ережесі 
жоқ.Оның енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн. 
Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны;басқа ережесі жоқ. 
Оның енді сырқы қасиеті, анықтамасы бар,ол – пішін. 
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен- ақ анық көрініп тұр. 
Мазмұн мен пішін сонымен бірге тарихи ұғымға( категория) жатады . Мазмұн мен 
пішін мәңгілік бір қалыпта болмайды.уақыт өте келе олар сапалық түрде өзгеріске 


түседі. Өзгермелі тарихи уақыттың болмыс – бітімін, сыр – сипатын өз бойына 
жинақтайды. Мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу үрдісінің негізінде 
мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады 
да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек мазмұн мен пішіннің 
мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады 
деп ұққанымыз жөн. 
Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы. 
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы. ( Абай ) 
Бұл жерде Абайда мазмұнға басымдылық беріп отыр. «Алтын» дегені – 
мазмұн, «күміс» дегені – пішін. Енді әдебиеттегі мазмұн мен пішінге тоқталайық.
Әдебиеттің нысаны – өмір, пәні – адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам 
тағдырынан сырт өнер туындысы болмайды. Сана – шындықтың сәулесі болса
адам санасының мазмұны – сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби 
шығарманың мазмұны – өз эстетикалық идеясының тұрғысынан суреткер таныған 
ақиқат өмір де, пішін – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар 
жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі болып шығады. 
Мысалға алсақ, «Абай жолы» романындағы мазмұнды алатын болсақ, ол 19 
ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы ақиқат шындық өмір болса, ал 
пішін сол ақиқат өмір көркем жинақталған образдар жүйесі: Абай, Құнанбай, 
Тәкежан, Дәркембай, Дәрмен, Байсал, Сүйіндік, Майбасар, Оразбай, Жиренше, 
Ербол, Әбіш, т.б. 
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенде белгілі бір көркем шығармадағы затты 
деректерге көшірсек, былай болар еді: шығарманың мазмұны – оның ақиқат 
шындыққа негізделген тақырыбымен идеясы да, пішіні – әдеби қаһармандардың 
өзара қарым – қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы 
және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки 
көркем шығарманың тілі. 
Көркем шығарма мазмұны – тақырып пен идеядан құралады. Әдеби
шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Тақырып – өнер 
туындысының іргетасы. «Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,- дейді Валентин 
Катаев, – пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сініп, 
ойға орныққан сайын, тұтаса береді ». 
Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп
табары – өз шығармасының тақырыбы. Тақырып табу – бір күннің не бірер 
әрекеттің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында 
жататын, творчестволық үдерістің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер 
шығармашылық үдерістің үш түрлі материал жинау, жиналған материалды қорыту, 
қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек тақырып осынау үш кезеңнің өн 
бойына тұтас желі тартып жатады.
Тақырып – жазушының өмір құбылыстарын зерттеп, жете білуінен туындайды. 
Жазушы таңдап алған тақырыпта, оның өмірбаяндық кезеңдері, өмір тәжірибесі 
білімі мен танымы, көргендері, естігендері, тоқығандары тоғысады,жинақталады. 
Көркем шығармадағы тақырып деп – қаламгердің өмір шындығынан таңдап, 
талғап, сүрыптап алған бір алуан өмір құбылыстарын атаймыз. 
Ал көркем шығармадағы идея дегеніміз – қаламгердің өиір шындығынан


таңдап, талғап, сұқрыптап алған бір алуан өмір құбылыстарына деген бағасы, ойы, 
көзқарасы, көркемдік қатынасы. 
Көркем шығармада негізгі тақырып, негізгі идеямен қөатар, қоысмша тақырып, 
қосымша идеялар болады. 
Қосымша тақырып пен қосымша идея шығармадағы негізгі тақырып пен 
негізгі идеяға қызмет етеді, соны ашуға ашуға қызмет етеді. 
Мысалға М. Әуезов тың «Абай жолы» романында көптеген қосымша идеялармен 
тақыыптар бар. Олар: туған жер, идеясы сағыныш, ана, идеясы мейірім, әке идеясы 
қаталдық. Романда бұдан басқа арна тартып жатқан аранйы жеке тақырыптар: 
махаббат, достық, өнер бар. 
Көркем шығармадағы идеялар бұдан басқа авторлық және объективтік 
болып бөлінеді. 
Авторлық идея дегенімі – әу бастағы автордңы жоспарлаған ой өзегі, ой 
қазығы замысел. 
Объективтік идея дегеніміз – шығарманың жазылу барысындағы 
шығарманың объективтік табиғатынан туындайтын, автордың жоспарлаған ой 
өзегін, ой қазығын өзгеріске түсіретіен қорытынды, соңғы түйін идея болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет