Силлабус ќ±рылымы



бет12/16
Дата19.09.2022
өлшемі388,5 Kb.
#39510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс жоспары



  1. Жанрға түсініктеме

  2. Эпос

  3. Лирика

  4. Драма



Дәріс мазмұны

Әдеби жанр (французша genre тек, түр ) термин ретінде шартты екі мағынада қолданылады әдебиетттің тектері, әдеби шығарманың түрлері әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия т.б. Жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясын талғайтын кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі жанр, әдеби шығарма жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда мысалы эпосты жанр деп білсек, оның шағын орта, және кей кқлемді үш түрі белгіленеді шағын көлемді эпикалық түрге очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге повесть поэма, ал кең көлемді эпикалық түрге роман эпопея жатады. Бұл ретте лириканы да дәстүрлі әдеппен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ саяси не философиялық лирика, табиғат не махаббат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.


Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан. Көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат тұлғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі нәзік және терең психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетінен қақтығыстарына тартыстарға құрылатыны анық. Сөйтіп көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрі кейде бейнелеу өнерінің үш түрімен салыстыруға болады. «Эпос живопись, лирика орнамент секілді болса, бір ғана диалогтан тұратын драма бір түсті графика тәрізді» (В.Кожинов).
Эпос (грекше баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мейлінше терең ашып, жан-жақты танытаны іргелі, күрделі жанр.
Профессор Л.И. Тимофеев эпосты термин ретінде екі түрге бөледі. Алғашқысы (тарихи мәдени мағынасындағы эпос, екіншісі әдеби теориялық мағынасындағы эпос. Әдеби тарихи мағынасындағы эпосқа халық поэмалары мен ертегілері (орыстың халық эпосы, көне дүние эпосы т.б.) жатқызады. Ал әдеби теориялық мағынасындағы эпосқа жазба әдебиеттегі эпос жанрларының түрлерін жатқызады. (Л.И. Тимофеев Основы теории литературы).
Эпостық шығарманың арқауы автор үшін «ішкі субъективтік шындық емес», «сыртқы обьективтік шындық». Жекелеген адамдардың көңіл күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі тарихи тағдырлары мен ұлттық даму заңдылықтары, осыдан келеді де дәуірлі құбылыстар мен қоғамдық қатынастарды көркем жинақтаудағы жұртқа мәлім эпикалық құлаш деген ұғым шығады. Бұл эпосқа тән айрықша сипаттардың бірі. Өмір шындығын жеткізудегі эпос жанрының негізгі құралы баяндау. Эпос жанрында оқиға бірінші, адам екінші. Адам мінезі , болмысы, ішкі тағдыры оқиғаларға қатынасы арқылы анықталады. Эпос жанры кең көлемді, орта көлемді, шағын көлемді болып бөлінеді. Кең көлемді эпос жанрының түріне роман жатады (саяси, философиялық, әскери, тарихи, отбасылық) орта көлемді эпос жанрының түріне повесть (хикаят), поэма жатады. Поэманың бұл түрін сюжетке құрылған эпикалық поэма деп атайды. Шағын көлемді эпос жанрының түріне әңгіме, новелла, мысал, очерк, фельетон, баллада жатады. Эпос жанры міндетті түрде сюжетке құрылады. Сюжетсіз эпос жанры болмайды. Эпос жанрының барлық түрлері қара сөз, проза үлгісімен , не болмаса өлең сөз поэзия үлгісімен жазылады. Бертінгі дәуірлерге дейін эпос жанрындағы шығармалар поэзия өлең сөз үлгісімен жазылып келді. Соңғы дәуірлерде ғана бірыңғай қара сөз үлгісіне көшті.
Лирика грекше лира ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы. Әдебиеттің Аристотель заманынан келе жатқан дәстүрлі үш түрлі тегінің бірі. Шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне өлеңмен жазылады. Лирика жанрына сюжет тән болмайды. Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептері мен жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы, автордың өз басынан алуан алуан нәзік түсініктері, күйініш сүйініші тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі түрлі толғаныс субъективті нәрсе, бірақ сонымен қабат кәдімгі обьективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл күйі өзі өмір сүрген қоғамның хал жайына байланысты. Өзін қоршаған шындықтың саяси әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы әрбір лирикалық шығармада оны жазған автор өмір сүрген кездің жай жапсарын аңғарып отырады. Көлем жөнінен эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау. Күллі сюжет сол сезім маңына бас аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лириканың тарихи түрлері идиллия, мадригал, ода, сонет, консонетта, пастораль, романс, эклога, элегия, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, қазіргі лирика былайша жіктелмейді, әдебиет зерттеушісі шартты түрде болса да әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, көңіл күй лирикасы деп бөліп жүр.
Драма (грекше drama қимыл әрекет). Әдебиеттің үшінші тегі. Шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолқа қол көрсететін күрделі жанр. «Әдебиеттің ең қиын түрі» (М.Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ эпос пен лирика «ақиқат әлемнің екі қиыры» болса, драма сол екі қиырдың қосындысынан туған «үшінші тірі» өз алдына бөлек. Аралық әлем «поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі». Драматургия мәселесін қозғағандардың барлығы бәрінен бұрын оның қиындығын айтады. Мұнда үлкен себеп бар. Өзге жанрлардай емес, драматургияда шарттылық көп. Алдымен, драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болмасын, жетпіс сексен беттен аспау шарт. Драматургия жанрының құралы баяндау емес. Кейіпкерлердің өзара сұхбат диалогына құрылады. Автор сөзі ремаркада ғана беріледі. Драма жанры сюжетке құрылады. Мұнда адам бірінші, оқиға екінші. Оқиғалар сыры адамдар тартысы арқылы ашылады. Драмалық шығарманың әдеби нұсқасы пьеса, театрлық сахналық нұсқасы спектакль деп аталады. Драма трагедия комедия болып бөлінеді. Драмалық шығарма қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылады. Шекспирдың пьесаларының дені өлең сөзбен, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов пьесалары өлеңмен жазылған.

№ 13 дәріс


Тақырыбы: Әдеби стиль




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет