Силлабус ќ±рылымы



бет10/16
Дата19.09.2022
өлшемі388,5 Kb.
#39510
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Дәріс 4-15

Дәріс жоспары:

  1. Композиция туралы түсінік

  2. Сюжет туралы ұғым



Дәріс мазмұны

Кез-келген өнер туындысы немесе әдеби шығарма іштей бір-бірімен композиция арқылы байланысады, тұтасады. Композиция өнер туындысы мен әдеби шығарманың жаны мен жүрегі, ішкі ағысы. Композициясыз көркем шығарма болмайды. Сюжетсіз көркем шығармалар болады( лирика).


Композиция барлық шығармаларда түгел болатыны – оның сюжеттен бір ерекшелігі десек, екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.Бұл ретте композиция сюжеттен гөрі кең деп білу қажет.
Композиция (Лат. Composito – құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, кқркем шығарманың құрылысы. Алайда мұны құрылыс деген сөзге қарап тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұнмен тікелей байланысты нәрсе: ол – әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.
­Өнер туындысында бүтіндік болуы шарт. «Өлең бе, драма ма, картина ма, ән бе, симфония ма, бәрібір, – дейді Л.Толстой, – әйтеуір нағыз көркем шығарманың мән-мазмұнына зақым келтірмей, небір шумағын, небір көрінісін, небір фигурасын, небір тактысын өз орнынан алып, басқа жерге қоюға болмайды». Осының бәрі – шебер құрылған композицияның нәтижесі.
Композиция, сөз жоқ сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің жолы.

№ 10 дәріс


Тақырыбы: Көркем шығарманың тілі


Дәріс жоспары:

  1. Көркемдегіш құралдар



Дәріс мазмұны



  1. «Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл – қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал халыққа қажет шығарма – мазмұнды шығарма» (З.Қабдолов).

Әр сөзді таңдап, талғап қолдана алған жазушы ойды анық, сезімді нәзік жеткізер тың, тартымды суреттер жасай алады. Жазушы тілі үш түрлі ұтымдылыққа – дәлдікке, ықшамдыққа, сұлулыққа – негізделуі шарт.

  1. М.Жұмабаев «Сен сұлу» өлеңін келтіре кету.

  2. Полисемия (көп мағыналылық) мыс: дүние (ғалам, жер жүзі, тіршілік, мал, мүлік, арман, өмірден өтті, дүниеге келді), синономия (заттас), плеоназм, омонизм (аттас), антоним (қарсы), архаизм, неологизм, диалектизм, идиомалар (Еңлік-Кебек).

  3. Ажарландыру (теңеу, эпитет)

Теңеу: «Қайыңдар күмістің сом бақанындай» (С.мұқанов)
«Керіскідей шандозым» (Махамбет)

  1. Құбылту (троп) – иін, иірім.

Метафора (ауыстыру) – грек. – көшіру
Мысалы: Талай –көктің кіндігі (І.Жансүгіров)
Ұлғайған метафора: «Мен – тауда ойнаған қарт марал» (Махамбет)
«Бұдырайған екі шекелі» (Қазтуған)
«Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз» (І.Жансүгіров)
Кейіптеу (антропоморфизм) «Асау Терек» (Лермонтов - Абай)
«Балқытып гүлді деміне» Ә.Тәжібаев
Аллегория (пенрелеп айту)
Қулық (түлкі), зорлық (арыстан), қорқау, қастық, қаскөйлік (қасқыр). С.Дөнентаев «Ауырған арыстан».
Символ (астарлау) – грек. SYMBOLON шартты белгі
Құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен жеткізу.
«Шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді» (З.Қабдолов)
Пушкин «Анчар», Лермонтов «Желкен», Тютечев «Фонтан».
«қабағын түйіп құз тас тас тұр» (Қ.Аманжолов)
Символ – психологиялық параллелизм (егіздеу)
Метонимия (грекше – қайтадан атау)
Чехов былай дейді: «Сұраншы әйелдің жоқ-жітігін аңғарту үшін көп сөз жұмсап, оның бейшара мүшкіл қалпын қазбалаудың қажеті жоқ, иығындағы өрім-өрім жирен жамылғысын әншейін атап өтсең жетіп жатыр»
«Үйі мәз боп қой сойды
Сүйіншіге шапқанға»
(Абай)
Синекдоха (грекше synekdoshe – арақатынасын ашу)
Мегзеу – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Дұғай сәлем жазамын Күмісбайға,
Пермек болған айғырдың көзі қайда?
Көзді көрсең – бересің, тайсаң – танып,
Алдямик атанғанның несі пайда? (Абай)
-Әй сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?
(Гоголь)
Ирония, сарказм
Келемеж, мысқыл-масқаралау
Гипербола (ұлғайту)
Жоғары ерні көк тіреп, төменгі ерні жер тіреп...
(Қобыланды батыр)
Литота (кішірейту)
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты
(Ер Тарғын)
Гротеск (французша grotesque – оқыс, оқшау)
Францияда Рабле, Англияда Свифт, Германияда Гофман, Италияда Пиранделло – әсірелеу тәсілі, тіпті, әдеби стиль дәрежесіне дейін көтерген суреткерлер.
Гоголь мен Гюго, Салтыков-Щедрин
В.Маяковский «150000000» поэмасы , Андрей Вознесенский «Оза» поэмасы, Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке», Жұман-Алтай-Қарынқоза мәлім тапал адам.
Табу, перифраз (қайта айтып беру), эвфемизм (сыпайылап сөйлеу) Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қасқырбай, Бәкібай, Қайрақбай (Келін-табу, эвфемизм)
Фигура (айшықтау)
Арнау (жырлай, сұрай, зарлай)
Қайталау (жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі (анафора) қайталау, кезекті (эпифора – грекше – соңынан алып жүру) қайталау).
Шендестіру (антитеза) «Қара жерге қар жауар» («Ер тарғын»)
«Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы» (Абай)
Дамыту (градация) Тайбурыл шабысу (Қобыланды батыр)
Түйдектеу (С.Мұқанов «Адам ол-») байлату (Лермонтов - Абай)
Екеуі де (түйдектеу, баяулату – Соқ, жігіт! І.Жансүгіров) инверсия, эллипсис, псих. парал.
№ 11 дәріс
Тақырыбы: Өлең құрылысы (өлеңтану)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет