Силлабус ќ±рылымы



бет6/16
Дата19.09.2022
өлшемі388,5 Kb.
#39510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс 4-15

Дәріс жоспары:



  1. Әдебиет- сөз өнері. А. Байтұрсынов Сөз өнері туралы

  2. Өнердің туу себептері. Өнер сөзінің мағыналары

  3. Көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары, образдылық, сөздегі сурет


Дәріс мазмұны

Әдебиеттану ғылымының басты ерекшелігі – сөзді өнер деп тануында, соның барысында оның көркемдік қадір-қасиетін бағалауда. Осы тарапта эстетикалық категорияларға сүйену барысында, ол өнертану ғылымымен байланысады. Оның басты ерекшелігі де осында. Өнертану ғылымдары эстетикалық категориялар мен принциптерге сүйене отырып, көркем өнерді ғылыми тұрғыдан зерттейді. Ежелгі замандардан бері адам баласының жасаған көркем өнерінің негізгі 5 түрі бар. Қазақ тілінде жарық көрген ең тұңғыш әдебиеттану саласындағы теориялық еңбек 1926 жылы Қызылорда – Ташкент қалаларында шыққан "Әдебиет танытқыш" атты еңбекте Ахмет Байтұрсынов көркем өнерді көрнек өнері деп атапты да, оларды былайша жіктеп бағасы береді: "Көрнек өнері бес тарау болады: Бірінші- тастан, кірпіштен ,ағаштан,яғни басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресе, үй , там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады (Европаша архитектура). Екінші- балшықтан я металлдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіре сурет жасау өнері- бұл сымбат өнері болады (Европаша скульптура)


Үшінші-түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін,түсін,кескінін ,келбетін келтіріп суретеп көрсету өнері- бұл кескін өнері болады (орысша-живопись)
Төртінші- әуездің түрлі орайын шұрайын сазын сайрамын келтіріп ұзаққа жағып ,көңілді әсерлейтін ән салу,күй тарту өнері- бұл әуез өнері болады. ( европаша музыка)
Бесінші-нәрсенәі жайын,күйін, түрін,түсін,ісін сөзбен келістіріп айту өнері-бұл сөз өнері болады (қазақша асыл сөз, арабша әдебиет, европаша литература).
Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. "Өнер алды-қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сһз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадірінше сөз нері атқара алады, қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді".(А.Байтұрсынов "Әдебиет танытқыш".Кітапта : Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы "Жалын" 1991 )
2. Ал жалпы алғанда өнер деген сқздің өзі төрт түрлі мағынасында қолданылады екен. Өнердің ең кең мағынасы кез –келген шебер біткен істі, өз ісінің майталман шеберінің қолынан шыққан істі айтамыз.Не болмаса өнер деп кез-келген шеберлікті айтамыз. Мысалға айтсақ өз ісінің шебері деп Кеншіні, егіншіні, тракторшы мен инженерді, мұғалім мен дә рігерді , мекеме басшысы мен қолбасшыны, суретші мен скрипкашыны, домбырашы мен қобызшыны, шахматшы мен футболшыны атауға болады.
Осылардың әрқайсысы өзінің алдына қойған мақсатын үлкен шеберлікпен, асқан өнермен орындауы мүмкін.
Бұдан тарлау мағынасындағы өнерге сыры мен сымбаты келіскен, асқан талғаммен, нәзіктікпен орындалған жарқ-жұрқ еткен бояуы мен нақышы, келісті реңкі мен зері, сымбатты өрнегі мен көрнегі қиюласқан, сымбатты болмыс-бітімі бар заттар, туындылар,ғимараттар жатады.
Мұндай заттарға "қол өнерінің" туындылары:"әсем киім үлгілері,жиһаз, тұрмыстық бұйымдар, әр түрлі зергерлік бұйымдар, түптелген, безендірілген кітап, әр түлі музыкалық аспаптар;қару-жарақ түрлері жатады. Мұндай өнердің түріне мысалға жеңіл автокөлік, ұшақ,яхта,пәуеске секілді көлік түрлерін жатқызуға болады. Олардан басқа аса талғампаздықпен әсем орындалған, жасалған туындылардың қатарына көркем шығармашылықтың түрлері картина, культура (мүсін), музыкалық пьеса, театр және би көріністері, әсемсөз туындылары жатады.
Сөз өнері- әдебиеттің нысаны- өмір шындығы,пәні-адам. "Әдебиет -адамтану ғылымы" (М.Горький) . Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту ерекшелігі, оның бейнелеу құралы-тіл екендігі. Образдылық сөздегі сурет , өмір болмыстың көркемдік көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстінде жалынды бейнелеу тек сөз өнерінің құдіреті,еншісі болатындығы.
Әдебиеттегі адам. Ойдан шығару- образға барар жол.Шығармашылық фантазия, көркем шығармадағы суреткер қиялы туралы айту. Ойдан шығару (вымысел).
«Маңым толған адам,-дейді Гончаров,-өз геройларым маза бермейді,көз алдымда қырық құбылып жүреді,мен оларды ап-анық көремін, өз ара сөйлескендерін естимін».
Ибсен:" Іші-сыртын түгел:жүріс – тұрысын, мәнер-машығын, тіпті киімінің түймесіне дейін көріп, дауысын естуім керек"
Тургенов:" Қасыңызда біреу тұрғандай, өзіңізбен жүргендей сезінесіз, оның бет-жүзін көргендей боласыз. Түс секілді...Әйтеуір өз геройым өзіме қашан ескі, жақсы таныс боп алмай, өзін көзіммен көріп, үнін құлағыммен естімей, қалам түртпеймін"
Писемскийге:" Болашақ қаһармандары " түсіне еніп, бәрі жиналып, жаудырай қарап, ұйқы бермей қойған.
Бомарше кейіпкерлерімен тірі адамдай сөйлесіп, солардың жаз дегенін жазған.
Бальзак кейіпкерлемен түсінде ғана емес, өңінде де " бірге тұрып, бірге жүрген"
Чехов:" Ішімде сыртқа шыққысы кеп тұрған, бүтін бір армия бар "депті.
Акадамик З.Қабдолов:" Сонымен творчестволық фантазия, яки ойдан шығару- шығармада суреттелер шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес, сол шындықты сұрыптау, саралау тәсәлі; шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. Образға апарар жол осылай басталады.
Образдың қазақшасы-көркем бейне. Бұл- кеңірек ұғым. Біз осыған қарай келе жатырмыз және кейін бұл мәселеге жеке тоқталамыз.
Ең қарапайым, тар мағынасында образ- суретті сөз. Образдылық- бейнелілік ұғымы- осы суретті сөзден шығады.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені
( Абай)
Әдеби шығарма, оның ішінде өлең арқылы жасалған көркем бейне болмаса, мысалы, даланың селеуі , шеңгелі мен шиі дәл мынадай тірлікке , әрекетке ие бола алмас еді:
Елсіз жер...еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген күй.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.
(І.Жансүгіров)
Жансыз табиғатқа жан бітірген ғаламат сурет! Кең дала күйге толы.
Образдылық-суреттілік, сөздегі сурет. "Әр сөз, -дейді, Потебня,- қалай болғанда да,өзінің поэткалық шығарма қалпын бастан кешіреді." Бұған қарағанда, әр сөздің түп төркіні – зат, сурет, образ.
Орысша защита сөзі. Стоять за щитом деген бейнелі сөзден шыққан.
Қазақта жылан- жылжыған аң сөзінен, жұмыртқа- жұмыр ақ, тастау -тасқа байланысты сөзден , тонау- тонға байланысты әрекеттен , қолдау-қолға байланысты бейнеден, бүйрек-бүйірге байланысты сөзден шыққан. Тулау сөзінің түп төркінін байқасақ,жылқының әбден торалып, семіріп, тусырауы екен. Ту жылқы жалына қол апартпайтын мінезді , асау болатын көрінеді. Сөйтіп, тулау деген ұғым да затты, нақты бейнеден шыққан.
Метафора арқылы жасалған образды, бейнелі суреттер:
Мен тауда ойнаған қарт марал
Сақсынып шыққан қиядан
Табаным тасқа тиер деп.
(Махамбет)
Гималай-көктің кіндігі,
Гималай-жердің түндігі.
(І.Жансүгіров)
Григоревич өзінің жастау кезінде "Петербург шарманшысы " деген очеркін Достоевскийге әкеліп, оқып берген екен. Тәжірибелі жазушы оның "Бес тиын бақыр жерге түсті де, дөңгелеп кетті" деген сөйлемін ұнатпай," Бұлай емес, бұлай емес, тіпті де бұлай емес. Туу, тым-дымсыз, кебіртек жазасың екен...деп ренжіп отырып, өз қолымен былай жөндеп беріпті :"Бес тиын бақыр тақыр жерге ыршып түсті де, сылдыр қағып, секіре дөңгелеп кетті:Сөз өнерін- зерттуші ғалымдар ішінде осы жайтты мысалға алмаған адам кемде-кем шығар. Мұндағы мақсат-көркемшығарма үшін бәрәнен бұрын суреттілік керек екенін ескерткен үстіне ескерту. Шынында да, Достоевскийдің қосқан сөздері Григорьевтің сөйлемін суретке айналдырып, қимылға көшірген. " Сыылдыр қағып, секіре дөңгелеген" бақырды кәдімгідей көзбен көруге болады. Оның үстіне "Бес тиын бақыр ...сылдыр қағып, секіре дөңгелеу" үшін құмдақ не шөптесін жер емес, тақыр жерге ыршып түсуі керек екені де дәл. Демек, образдылық үшін сөзбен салынар сурет нақты болумен қатар, мейлінше шын және дәл болуы шарт.
Бір ескеретін нәрсе-суреттіліктің жөні осы екен деп, сөйлем ішін эпитетпен, теңеумен, метафорамен сықай беру жөнсіз.
Алексей Толстой " сөзге құнар, күш дарыту орнына әшейін шұбар түс беретін эпитеттерден қорқу" керек деп айтқан. Алексей Толстой онымен де ұоймайды, суреткерден көркемдегіш сөздерге ( эпитет,теңеу, метафора, т.б) көп үйір болмауды талап етеді; әсіресе эпитеттен сақтандырады, " эпитет- масқара тұрпайы нәрсе" дейді. Бұл, әрине, субъективті пікір. Бірақ осы шошынуда себеп те жоқ емес.
Пушкин заманынан бұрынырақ болған бір беллетрист бір жолы өзінің бір кейіпкерінің кескінін суреттеп отырып, оның өңі " бөздей бозарып кетіпті" деп тұңғыш рет жазғанда, оқырман қауым мұншалық қонымды әрі соны теңеуге таң- тамаша қалыпты. Содан былай қарай бұл сөз тіркесін кез-келген адам сан рет қолданып, әбден "жауыр" еткен екен, сөздің өзі де " бөздей бозарып кетіпті"
Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе- қайталанбайтын нәрсе. Суреттіліктің сұлулығы да суреттің сонылығында,жаңалығында жатса керек.
Мұндай сұлулыққа деталь арқылы жеруге болады. Орысша-қазаұша сөздікте "деталь-бөлшек" деп аударылса, Үлкен Кеңес Энциклопедиясында өнердегі детальдің өзі- "бүтіннің кішкене бөлшектерінің бірі, егжей-тегжейі, жеке нәрсесі" деп түсіндіріледі. Бұл анықтамалар, әрине, көркем шығармадағы детальдің сырын ашып, сипатын таныта алмайды.
Әдебиеттегі деталь- суреткердің шабытты еңбегінің нәтижесі, аса сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда азғана сөз айқын суретке айналады да, шалқар шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады, сол арқылы оқырманды қызық сезімге бөлеп, қызықтыра жетелеп әкетеді.

Естимін, шымшық торғай шықылықтап,


Жырлайды ықылықтап,сықылықтап.
Сеземін шошып ұшып қонғанын да,
Кірпіктей қанаттары жыпылықтап.
(Ж.Молдағалиев)
Осындағы кірпіктей жыпылықтайды-деталь. Қандай дәл сурет! Торғай қанатының осы кішкене құстың бүкіл сыртқы тұрқы, ішкі құлқы барлық діріл-тынысымен түгел сыйып тұрғандай. Міне, шымшық торғай: кірпіктей жыпылықтайды. Осы қимыл әрі таныс, әрі бейтаныс; әрі тың,әрі тосын. Ақынның торғай жайлы түйсігі оның айрықша беогісін танытар бір ғана деталь арқылы оқырман кқкейіне дір етіп қонды да қалды.
Қағаз бетіндегі қарапайым сөздерді сырлы суретке айналдырар, сол арқылы суреттеліп отырған құбылысқа эмоциялық жылылық, эстетикалық күш дарытар деталь дегеніңіз, міне , осындай болады.
Детальдің басты бағалылығы – дәлдігінде. Дәлдік деген не? Дәлдік-шындыққа жанасымдылық. Әдетте, осылай түсіндіреміз. Жоқ, бұл жеткіліксіз. Сөзбен жасалған суретке көз алдыңызда жан бітіп, тіріліп түрегелсе, сіз оны жансыз сурет емес, тура жанды нәрседей қабылдасаңыз, кәтап беті қатар түзеген әріп қана емес, қым-қиғаш қимылға айналып кетсе, сіз бұл қимылға енжар қарамай, емге тербеліп қалсаңыз-детальдің дәлдігі сол!
№ 6 дәріс
Тақырыбы: Әдебиеттің халықтығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет