Силлабус ќ±рылымы



бет14/16
Дата19.09.2022
өлшемі388,5 Kb.
#39510
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс 4-15

Дәріс жоспары



  1. Классицизм.

  2. Сентиментализм.

  3. Натурализм

  4. Романтизм



Дәріс мазмұны

Көркемдік әдістер. Стиль өнер ерекшелігі. Әр стиль бірақ суреткердің өнеріне тән ерекшелік. Ал осындай өнер ерекшелігінің бір емес, бір топ суреткерге тән болып келуін қалай түсіндіруге болады. Бір жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бір алуан шығармасында өзара ұқсас сипаттар, сырлар жатады. Мұндай сыр мен сипатты әр жазушы өз шығармасына әншейін қолдан жасап жапсыра салмайды. Мұндай өзара ұқсас сыр мен сипатты бір топ жазушының бір алуан шығармасында мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің өзі дарытады.


Көптеген ұқсас сипаттар бір емес бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық көркемдік бірлікке әкеледі. Дәл осы бірлік әдеби ағым. Байқап қарасақ, стиль бір жазушыға тән шығармашылық ерекшелік болса, ағым, бірнеше жазушыға тән шығармашылық бірлік. Стиль әр жазушының дара қасиеті болса, ағым әр алуан жазушының ортақ сипаты. Стиль жалқыға тән ұғым болса, ағым жалпыға тән таным. Стиль бір жазушының әдеби беті болса, ағым бір топ жазушының әдеби бағыты.
Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі. Әдеби ағым тарихи категория. Белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси әлеуметтік сипатына сәйкес туады да сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Әлем әдебиетінің тарихында әрбір әдеби ағымның қалай пайда болып, қалай дамығаны, қалай құбылып, қалай құрығаны әдебиеттің теориясы мен әдебиеттің тарихы тексереді.
Классицизм (латынша сlassiсus үлгілі, өнегелі бағыт) ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың орта түсында Еуропада монархиялық абсолютизм дәуірлеген тұста пайда болды. Сөз өнеріндегі әрбір ағымның тууында таза әдеби мәселелермен қатар, қоғамдық сыр мен себеп болады. Классицизмнің туған тұсы Еуропа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез. Ол тұста елдегі барлық үстемдік дворяндар сословиесінде барлық билік монарх қолында болатын. Солардың ықпалымен жұрт назары сарайға ауған. Жұрттың бәрі сарай маңындағы ат төбеліндей «асыл нәсілділер» (ақсүйектер) аузына қараған кез еді. Қоғам өміріндегі осы хал өз кезінің әдебиетіне де әсер етіп, оның дамуында өзгеше бір өнегелі бағыт атанған классицизм ағымымен белгілі еді. Бұл ағымның өкілдері (әсіресе Расин, Корнель, Мольер француз драматургтері) баяғы көне дүние классикасын өздеріне өнеге тұтты. (Классицизм аталу себебі де сондықтан). Әдеби шығарманы сол үлгімен жазды. Француз ақыны Н.Буало «Поэтикалық өнер» деген белгілі поэмасында тіпті классицизм ағымының шығармашылық принциптерін белгілеп берді. Француз классицизмінің ертеректегі өкілі Ф.Малерб болды. Ол салтанатты одалар жазды. Теориялық негізін француз ақыны Н.Буало салды. Өлеңмен жазылған трактат «Поэтикалық өнер» француз классицизмінің манифесі болды. Буало жанрларды екіге бөлді. Жоғарғы жанр ода, поэма, трагедия; Төменгі жанр мысал,сатира, комедия. Антикалық әдебиеттің өкілдері Гомер, Софокл, Пиндар, Эсхил, Гораций, Лукреций, Федра, Аристофан классикалық үлгі болды. Шығармашылықтағы рационалдық сипат классицизмнің теориялық бағдаврламасы болды. Эстетикасы осыған негізделді. Классицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты ел өмірінің елеулі ірі оқиғалары, негізгі идеясы елдің елдігін қорғаушы «ессіз ерлердің» қанды жорықтары мен дүрбелең саясатын негізгі қаһармандары қарапайымдар емес қастрелілер қолбасылар, корольдар, патшалар. Адам образдары да тым біржақты. Не мінсіз жақсылар, не іске алғысыз жамандар кейпінде көрінді. Бұл ағым көркем шығарма мазмұны мен пішініне қатал талап қойды. Көркем шығармада «үш бірлік» (уақыт бірлігі, оқиға, қимыл бірлігі жалғыз конфликт) бұлжымас шарт болды. Үш бірлікке бағынған шығарманың мазмұны: бірақ тәуілк ішіндегі шындық, тек бір орында өтетін тартыс, бір ғана сюжеттік желінің бойында жататын оқиға. Бұл үш талап бұлжымай орындалуы шарт. Тартыс шешімі күтпеген жерден кездейсоқ күш арқылы шешіледі. Ежелгі римдіктер мұндай тәсілді «бога из машины» деп атады. «Ағымның ұшы қиырсыз шарттылығы мен жасандылығы сөз өнерін ақиқат өмірден алшақ әкетіп өнердің табиғилығы мен еркіндігін талақ етті; шындықта болған адамдар орнына ешбір елде, ешбір жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті» Белинский.
Нәтижесінде әдеби ағым классикалық сипаттан әншейін схемаға көшіп бара жатты. Адамдар жерде қалды, ағым аспанда жүрді. Қарапайым қалың бұқара мүлде қаламға ілікпей қойды. Адамға тән нәзік сезімдер мен терең тебіреністер орнын лепірген жел сөз, айғай-сүрең басып кетті. Франция ХҮІІІ ғасырда классицизм бесігі болды. Германия ХҮІІІ ғасырда классицизм өрістеді. Готшед (1730) немісте арналған шыншыл поэзияның тәжірбиесі классицизмнің теориялық бағдарламасын жасады. Ресейде Петр І реформасынан кейін дворяндық қоғамда Батыс Еуропа мәдениетін игеруге деген ұмтылыс пайда болды. ХҮІІІ ғасырдың 20 жылдары Кантемир шығармашылығында (сатира, ода) прогрессивті дворяндық мемлекеттілік идеалынан туындаған жаңа азаматтық дүниетаным бой көрсетті. Лирика Ломоносов, Сумороков, Державин) драматургия (Сумороков, Фонвизин, Княжнин), өлеңдік эпос Тредиаковский, Херасков. Францияда ХҮІІІ ғасырда классицизммен бірге жеңіл поэзия дамыды. Жан Лафонтен қысқа новеллалық поэма (ертегілер) онша үлкен емес прозалық өлең сөзбен жазылған роман «Психей мен Купидонның махаббаты» шығармасын туғызды. Шығармашылық еркіндік өмірден еркін тояттауды, махаббатты, өнерді, табиғаттың әсемдігін уағыздады. Ресейде Богданович «Душенька» сюжетін Лафонтеннің романынан алып жазған.
ХҮІІІ ғасырдың орта кезінде өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (французша сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан ағылшын жазушысы Стерннің «Сентиментальдық саяхатынан» (ағымның аты да осыдан алынған) басталды да, кейін Францияға Руссо, Германияға Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер, Ресейге Карамзин, Жуковский ауысты.
Сентименталистердің идеялық тұрғысы елде енді орнығып, нығая бастаған жас буржуазияның идеологиясы; шығармашылық обьектісі сарай маңындағы ақсүйектер өмірі емес, кәдімгі «орта қол» адамдардың күнделік тіршілігі, солардың көңіл күйлері, жеке бастарына тән күйініш-сүйініштері.
Негізгі тақырыбы классицистердей тарихи оқиғалар емес, әдеттегі отбасы тұрмысы; негізгі қаһармандар корольдар мен патшалар емес, алпауыттар, қолөнершілер мен қарапайым шаруалар. Көркем шығармаларға мазмұн болған оқиғалар енді сарай маңынан аулақ, ашық мөлдір аспан астына көктемде құлпырған көк майса шөп үстіне, өзен жағасына, жасыл төбе баурайына көшірілді. Адамдардың көңіл-күйлерін сентименталистер осынау сұлу табиғат көркімен ұштастырып, бір алуан сезімдер мен сырлар қозғау (жан тебіренту) тәсілдерін тапты. Олар оқырман көңілін оңай босататын иен дала, иесіз жұрт, жас қабір, құлаған қыстау... секілді көріністерді суреттеуге әсіресе құштар болатын. Ағымға тән осы ерекшеліктер енді әдеби жанрлардың да бұрын көп өріс алмаған (элегия, психологиялық роман, мещандық драма, «жылауық комедия» атанған жаңа түрлерін туғызды.
Сентиментальдық шығармаларды сезімге табыну әбден шарықтау шегіне жетті; Кітап беті ашылса болғаны, көңілдегі кірбің, көздегі жас, көкейдегі мұң-шер ағытыла жөнелетін. Мұндай шығармалардың тілі де бұрынғыдай асқақ адуын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет