Фишбоdоs)ун (Балық сүйектері немесе қаңқасы)
Бұл стратегия – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады.Бұл сызбаны алғаш болып Каора Исикава ұсынған. Оқыту процесінде бұл әдіс оқушылардың ортақ тақырыпты талқылауына септігін тигізеді.Бұл балық сүйектерін тігінен және көлденең орналастыруға болады.Жазылым қысқаша жазылуы тиіс.
Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады.
Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады.
Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама- қайшылық тудырушы кедергілер жазылады.
Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |