Тапсырманы орындау барысында студенттер бір-брімен араласып, өзіне ақпаратпен бөлісіп, ойын толықтыратын жаңа серіктестер табуына мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады. Олар бір-бірімен кездейсоқ кездесу арқылы өздерінің әлеуметтік дағдыларын – мәселені шешу барысында ұйымдаса білу білігін дамытады. Жұмыс тез арада 2-5 минут көлемінде өткізілуі қажет.
Сұрақтарды алдын ала ойластыру.
Жұмыс ұйымдасқан түрде өту үшін алдын ала тәртіпті түсіндіру керек. Қозғалыс және жұмыс жасау жолдары тек оқытушының белгісі арқылы жүзеге асырылады.
Белгі беріңіз. Қозғалыста болуға 1 минут уақыт жеткілікті. Содан кейін “Қатып қозғалмаңдар” командасын беріп, тапсырмамен жұмыс жасауын өтініңіз.
Тапсырманы орындау үшін студенттерге уақыт жеткілікті берілу керек. Содан кейін өз орындарына оралуын сұраңыз.