Бір-біріне қарама-қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Қатысушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп, жеке жұмыс жасайды. Содан кейін жұптасып немесе шағын топта талдайды, пікір алмасады, толықтырады. Тақтаға бүкіл аудиторияға ортақ кесте құрастырылады.
Атаулар туралы үш сұрақ
Оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, қатысушыларға осы атауларға байланысты келесі сұрақтарды қояды:
Қайда? Бұл терминді сіздер бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдіңіздер?
Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қалай қолданатыныңызға мысал келтіре аласыз ба?
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |