Синектика - қатысушылардың интуитивтік-бейнелі, метафоралық ойлау қабілетіне сүйене отырып жүргізілетін оқу –ізденістік және ұжымдық – шығармашылық тұрғыда әрекет ету әдісі, ұқсас ойлардағы әр қилы элементтерді біріктіру әдісі. Оның ерекшелігі студенттердің өзара өте тығыз байланыс жасауы нәтижесінде ізденіс жұмыстарын бірлесіп жүргізіуінен, эмоциялық-бейнелі, метафоралық ұқсастықтарды бірге талқылап іріктеуінен көрінеді. Тікелей аналогиялар қолданылады, атап айтқанда: бір тектес, ұқсас тапсырмаларды шешудегі жеке және эмпатиялық ұқсастықтар (өзін таныстыру қажет болғанда тапсырма нысанының көзқарасы тұрғысынан талдау жасау, мысалы, ластанған ортадағы өсімдік болып сөйлеу); (тапсырманың мәнін символдар, формулалар, суреттер түрінде бейнелі айшықтау); фантастикалық ұқсастықтар (ұсынылған тапсырманы ертегінің не фантастикалық шығарма кейіпкерлерін қатыстыра отырып шешу) ұсынылады. «Миға шабуыл» әдісіне ұқсайды.
Жұптық жұмыс: «Иә, бірақ…»
Бұл жұптық жұмыс оқушының айтылым дағдысын жетілдіруге негізделген. Әрбір айтылған ойды «Иә, бірақ…» деп жоққа шығарып отыру білім алушының сын тұрғысынан ойлап, жауап беруін және танымдық қабілеттің жоғарылығын талап етеді. Дәлелді жоққа шығару үшін нақты дәйектеме айту қажеттілігі оқушыны ойландыра түседі, өз пікіріне сендіруге үйретеді.
Қатысушы тақырыпқа қатысты өзі қоятын бірнеше талаптарды жазады. Қойған талабының бірін таңдап, жұбымен талқыға салады. Мысалы:«Бағдарлама қызықты болу керек» дейді, жұбы «Иә, бірақ…» деп оның ойын жоққа шығарып отырады. Қатысушылар орын ауыстырады
Достарыңызбен бөлісу: |