Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет136/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУ МЕН



ОҚЫТУ
Жалпы бізге интербелсенді және белсенді әдістер оқу мен оқытуды белсенді әрекет негізінде құру үшін қажет. Ал интербелсенді оқу мен оқыту не үшін қажет дегенге келетін болсақ, қазіргі таңдағы мәселердің бірі - ақпараттың шамадан тыс көптігі мен оны меңгеруге биологиялық тұрғыдан адам мүмкіншіліктерінің шектеулілігі деуге болады. Олай дейтініміз ақпараттар ағымына ілесу көп уақытты қажет етеді, оны меңгеру, ой елегінен өткізу, қажетіне жарату сияқты тізбектеліп кете беретін әрекет адамнан шамадан тыс қажырлылықты, уақытты талап етеді. Сол себепті де оқу/оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде меңгерте алатын және оны функционалдық сауаттылықты арттыру мен іс-тәжірибеде қолдануға ыңғайлайтын тиімді әдістерді талап етеді.

Интербелсенді оқу/оқыту бірінші кезекте білімді меңгеру үдерісіне қатысушылардың (білім беруші мен білім алушы) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.

«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасайтын қарым-қатынас. Ол әңгіме, сұқбат, т.б. бірлескен әрекеттер болуы ықтимал.

Интербелсенді оқу/оқыту білім алу үдерісін:

☺ барлық үйренушілердің бірлескен таным үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік жасау;

☺ әрбір үйренушінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасайтындай етіп ұйымдастырады.

Сонымен интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеясын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге, яғни білімге қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай бірлескен әрекеттер өзара сыйласымдық пен қолдау, толлеранттық ахуалында өтіп, жаңа білім меңгеруге жағдай жасап қана қоймай, таным үдерісін өзара ынтымақтастық деңгейіне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны - диалогті танымның басты құндылығына айналдырады. Интербелсенді оқу/оқыту диалогтік қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, туындаған мәселелерді ортақ шешуге әкеледі. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға дағдыланады:

☺ терең, жан-жақты және сыни ойлануға;

☺ ақпаратты өз бетінше түсініп, оны таразылап, ішінен өзіне және әрі қарайғы дамуға қажеттілігін таңдап алуға;

☺ ақпаратты жан-жақты талдауға;

☺ өз бетінше жаңа түсінік пен білім құрастыруға;

☺ пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;

☺ басқа да балама пікірлерді ескеруге;

☺ шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;

☺ жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);

☺ басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.

Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

☺ бірлескен жұмыстар (жұптық, шағын топтық, бүкіл топтық);

☺ жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары;

☺ жағдаяттық және рөлдік ойындар, сахналанған көрініс;

☺ ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, конспект, интернет ресурстар, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.);

☺ шығармашылық жұмыстар, т.б.

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі және басқаларды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері және олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет