Мәтінді оқып шығуға оның күрделілік дәрежесіне сәйкес уақыт беріледі. Танысып болған соң, кітапты жабуға нұсқау беріледі немесе мәтінді жинап алу керек. Әр
студенттің не топтың алдына мәтін бөліктері тасталады. Сол бөліктерді құрастыра отырып, тұтас мәтін жасап шығару тапсырылады. Логикалық бірізділік жүйесімен толық ой шығуы тиіс. Бұдан мәтінді қалай меңгергендері байқалады.
«Қарлы кесек 2» әдісі (М. Жанпейісоdоs)ва)
«Қарлы кесек» әдісінің М. Жанпейісова екі нұсқасын ұсынады. Бірінші нұсқасы оқу материалын талдауға, белгілі бір мәселені талқылауға қолайлы. Ал
екінші нұсқасы ұзақ, күрделі мәтінді қысқа уақытта барлық студенттердің түгелдей меңгерулері үшін тиімді. Мәтінді оқудың бұл әдісін жүзеге асыру үшін құрылған шағын топтар мен сол топтардағы студенттердің саны тең болғаны абзал. Атап айтатын болсақ, бес шағын топ болса, әрбіреуіндегі студент саны да бесеу болуы тиіс. Сонымен:
☺ А, В, С, Д, Е жетондарын ала отырып, 5 шағын топқа топтасады;
☺ енді А тобындағы студенттер А1, А2, А3, А4, А5 жетондарын ала отырып, өз нөмірлерін белгілейді. Дәл солай В1,...В5; С1, ...С5; Д1,...Д5; Е1, ...Е5 басқа топтарда да анықталады;
☺ оқытушы үстелдердің үстіне А, В, С, Д, Е деп жазып, бағыттау парағын дайындап қояды, студенттер сол бойынша өз орындарын тауып алады;
☺ әр топқа мәтіннің бір бөлігі оқуға және оның мазмұнын белгіленген уақыт аралығында меңгеру үшін талқылауға беріледі;
☺ талқылау аяқталған кезде №1 жетондарды алған студенттер бірге жиналады;
☺ енді әр топтан жиналған студенттер өздері меңгерген мәтін бөлігін бір-біріне әңгімелеп береді, бұл жерде реттілік сақталуы - басты қағида. Атап айтатын болсақ, мәтіннің бірінші бөлігі А тобына берілсе, А1 студент бірінші болып баяндайды;
☺ сөйтіп, бір студент өзінен басқа төрт студенттен мәлімет ала отырып, тұтас мәтінді қысқа уақыт аралығында меңгеріп алады;
☺ мәтін барлық топқа түсінікті болғанын тексеру, кері байланыс алу мақсатында әр топтан: А1, В2, С3, Д4, Е5 жетон алған студенттерден жаңа бір топ құрып, сұрақтар қою арқылы тексеруге болады. Сонда тұтас үдерістің сипатын бағалауға мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |