Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


ЖАЗЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӘДІС- ТӘСІЛДЕР



бет33/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

ЖАЗЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӘДІС- ТӘСІЛДЕР

Мәтінді өз бетімен меңгергенен кейін ол туралы білім алушыда белгілі бір ой қалыптасуы

тиіс. Оған өзінің көзқарасын білдіре отырып, есінде терең және ұзақ сақталуы үшін жазбаша түрде кері байланыс міндетті түрде жүзеге асуы керек. Сондықтан, жазбаша жұмыс әлдеқайда қызықты және әртүрлі үлгіде болса тиімді болмақ. Бір сарынды жазбадан гөрі түрлі жолмен жүзеге асырылса, шығармашылықтың дамуына, сын тұрғысынан ойлау дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Сабақ сайын әртүрлі әдіс-тәсілдердің қолданылуы ақыл-ой қабілетін де шыңдайды.

Жалпы жазылым 4 дағдының ішінде білім алушының нәтиже көрсететін, оқытушының өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбіреулер табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды. Көптеген дереккөздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын білім алушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Алайда, бұл шапшаң жазылымды игеріп алды деген сөз емес. Ең басты нәрсе, осы дағдыны өмірде қолдана алуы. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны мынадай толғамдар арқылы дәлелдеуге болады.

Жазушының көп уақыты оқумен өтеді;

Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды; Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады.



Самуэл Джонсон

Жазу құмырашының балшығы секілді пайдаға асқанша бірнеше түзетулерден өтеді.


Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы.



Walsh
Byren

екен:


Оқытушы жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойғаны дұрыс
☺ жазу жұмысын жүргізудегі менің мақсатым қандай?

☺ білім алушыдан не туралы жазуды сұрайсыз?

☺ жазылым дағдысын қалай игертуге болады?

☺ жазба жұмыстарын қалай түзетуге болады?

☺ жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездесуі мүмкін?

Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылым бағытын анықтау мүмкін. Жазылым дағдысы бойынша мынадай жұмыстарды орындауға болады:

авторға хат;


☺ өзіме хат;

☺ шағын өлең жолдары;

☺ шағын әңгіме;

☺ ашықхат (құттықтау);

е-mail хаттар;

☺ диалогтер;

☺ қойылым сценарийлері;

☺ жарнамалар;

газет-журналдарға мақалалар;

☺ пікірлер;

☺ оқиғаны аяқтау;

☺ эссе.

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Жазу ойлаудың ең биік шыңы екендігін ескеретін болсақ, өз ойын жеткізу жоғары шеберлікті талап етеді. Сондықтан да көбінесе белгілі бір жүйеге түскен, ойды жеткізудің тиімді әдістері ретінде синквейн, даймонд, диаманта, хайку және штрих сияқты түрлерін атауға болады. Олардың барлығы да қатаң алгоритммен жазылатынымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сергек ой, шебер дағдыны қажет етеді. Тақырыпты терең меңгеруді талап етеді. Төменде жазылым дағдысын қалыптастыратын әдістердің бірнешеуінің сипаттамасы беріліп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет