Орындалу барысы.
А. Оқытушы әр шағын топқа арнап жаңа тақырып бойынша дәрістің жалпылама мәтінін береді. Студенттер арнайы тапсырмаларды орындайды. Мәтін тәжірибелік жұмысқа арналған және нақты болуы қажет.
В. Студенттер топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Олар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты
бір-біріне сұрақтар қоя алады. Оқытушы сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана көмектеседі.
С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң студенттер жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрауға, көмектесуге рұқсат берілмейді, тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Студент алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады. Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Бұл әдіс бойынша студенттер мәтінді өз беттерінше меңгере алады. Интерактиті дәріс деп аталу себебі білім алушылар белсенді жұмыс жасай отырып, өзара бір- бірімен және оқытушымен байланысқа түсіп, өз бетінше білімді меңгеруге бағытталуында.
Достарыңызбен бөлісу: |