«Даймонд» - ағылшын тілінен аударғанда бриллиант, алмаз. Бұл әдіс екі қарама-қарсы түсініктердің тоғысатын тапсырмаларды орындауда қолданылады. Тағы да айта кететін мәселе білім алушы жауап бергенде өмірлік
тәжірибесіне сүйеніп пайымдау жасағаны маңызды. Студенттердің өз пікір, көзқарастарын негіздей білуі, дәлелдеуі, пікірталасқа түсе білуі негізгі мақсат болып табылады.
Даймонд – 7 жолды өлең. Оны жазудың шарты: бірінші және соңғы жолы мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі зат есімнен тұруы. Жазылу алгоритмі:
☺ бірінші жолы - бір зат есім;
☺ екінші жолы – бірінші жолдағы зат есімнің белгілерін сипаттайтын екі
сын есім немесе есімше;
☺ үшінші жолы – әрекетті білдіретін үш етістік немесе көсемше;
☺ төртінші ортадағы жолы – төрт сөзден тұратын сөйлем, оның екеуі бірінші жолдағы зат есімді сипаттайды, ал екеуі оған қарама-қарсы болуы шарт;
☺ бесінші жол – екінші жолға мағынасы қарама-қарсы сөздер;
☺ алтыншы жол – үшінші жолға мағынасы жағынан қарсы сөздер;
☺ жетінші жол – бірінші жолдағы зат есімге қарама-қарсы сөз.
Мысалы,
Гипербола
Орасан зор, ең үлкен. Үлкейтеді, көбейтеді, кеңейтеді.
Шексіз алыпты тырнақтай қылады. Кішірейтеді, азайтады, тарылтады. Титтей, ең кіші
Литота.
Достарыңызбен бөлісу: |