Ха́йку - XIV ғасырдан белгілі, жапондық лирикалық поэзияның дәстүрлі жанры. Алғашқы атауы хокку болған, тек XIX ғасырда Масаока Сики атты ақынның ұсынысымен хайку болып өзгерген. Хайку жазатын ақын хайдзин деп аталады.
Өлеңді хайку түрінде жазу біршама күрделі, себебі онда адамның жеке пайымдауы, әсері беріледі.
Сонымен қатар, біршама артықшылығы да бар, атап айтатын болсақ, оны жазуда ұғым мен оған деген эмоциялық көзқарас тамаша үйлесім табады. Ол осы шақпен жазылады, яғни автор жаңа ғана көргені мен естігені жайлы тікелей әсерін жазады. Шағын өлең жолдарында әрбір сөз, әрбір образ есепке алынып отырады, оларға ерекше міндет жүктеліп, мағына беріледі. Аз сөзге көп мағына беру – хайкудің басты міндеті. Ең жақсы жазылған хайку 17 сөзден тұруы керек деген шарт бар, бірақ оны сақтау міндетті емес
Хайкуді жазу алгоритмі:
☺ бірінші жол – «Мен біреуді немесе бірдеңені көрдім»;
☺ екінші жол - қандай?
☺ үшінші жол – қалай?
Мысалы,
Бозторғай
Мен керемет әдемі кішкентай құс көрдім, Қыста қалықтап ұшып жүрген,
Таңқалып.
Достарыңызбен бөлісу: |