☺ Студент жұбын немесе серіктесін таңдайды. Ол серіктесімен біртұтас дене, ағза деп есептеледі және ойлары да бір жерден шығуы тиіс. Бір сөзбен айтсақ,
сиам егіздерін бейнелеулері керек.
☺ Олар келесі сиам егіздерінің берген сұрақтарына жауап қайтарғанда біреулерінің жауаптарын екіншілерінің ойлары толықтырып тұруы тиіс, яғни ой бір жерден шығуы керек.
Ескерту. Басты мәселе - әрекет еткен және сөйлеген кезде өзара келісім болуы керек. Ол үшін алдын-ала кеңесуге уақыт берілмейді. Бір-бірлерін бірден түсініп, ойды жалғастырып отырулары тиіс. Ол үшін мұқият болуға дағдылану керек.