Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет30/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Эуксерофиттер
– тамыр жүйесі интенсивті дамыған, бірақ 
саяз орналасқан. Қуаңшылық кезінде транспирацияны азайта-
ды, ұлпалары судың азаюына және жапырақтың ысып кетуіне 
тӛзімді. Мысалы, жусандар, шӛл далалық бұталы ӛсімдіктер. 
Гемиксерофиттер
– тамыры ӛте тереңге, жер асты суына 
дейін ӛседі, транспирация интенсивті жүреді, ӛйткені тамыры 
тереңдегі ылғалды сіңіріп, сумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Ыс-
тыққа тӛзімді, бірақ клеткалары ұзақ уақыт судың аз болуына 
тӛзімсіз. 
Пойкилоксерофиттер
– қуаңшылыққа ӛте тӛзімді. Қуаң-
шылық кезеңде анабиоз жағдайында болып, сусыз кезеңді ты-
ныштық жағдайда ӛткізеді. Мысалы, қыналар сусыз жағдайда 
қалғанда анабиоз жағдайында болып, ылғал болғанда қайтадан 
тіріліп, ӛсіп дамиды. Анабиоз кезінде қына ӛсімдігінде судың 
мӛлшері 7-9, кейде 2-3%-ға дейін азаяды (12-сурет). 
 
12 – сурет. Солтүстік Африкадағы шӛл дала жағдайындағы қына
(Ramalina maciformis) ӛсімдігіндегі су мӛлшері (1), таллом 
температурасы (2), газ алмасуының (фотосинтезінің) (3) 
тәуліктік сипаты, 4-ауа темпе-ратурасы (O. Lange, 1969,
Т.К. Горышина, 1979). 


47 
Суккуленттер
. Бұл ӛсімдіктердің жапырақтары немесе са-
бақтары сулы, ӛйткені ол мүшелерде су жинаушы ұлпалар бар. 
Суккуленттер – 
жапырақты
(алоэ, агава, т.б.) және 
сабақ-
ты
(кактус, сүттегеннің кейбір түрлері т.б.) болып бӛлінеді. Са-
бақты суккуленттердің жапырақтары редукцияланған, ал жер 
беті мүшелері – бұл жуандаған, суы мол сабақтар. 
Суккуленттер Орталық Американың, Оңтүстік Африканың 
аридті аймақтарында кеңінен таралған. Тамыр жүйесі нашар 
дамыған және топырақ бетіне жақын орналасқан, сирек жауын-
дар мен шықты пайдалана алады. 
Суккуленттердің қуаңшылыққа тӛзімділігі – ұлпаларда кӛп 
мӛлшерде су жинақтап ұстауына байланысты. Ұлпаларындағы 
су мӛлшері – 95-98%-ға дейін жетуі мүмкін, ол сулардың кӛпші-
лігі байланысқан. 
Жапырақтары мен сабақтарының жуандап шар тәрізді бо-
луы нәтижесінде ӛсімдіктің буландырушы беті кӛп мәрте азаяды 
және де беті (үсті) балауызбен (воск) жабылып, буландыруды 
барынша азайтады, лептесіктері аз, олар ұлпалар ішінде орна-
ласқан. Сондықтан суккуленттердің транспирациясы ӛте тӛмен. 
Осындай бейімделулердің нәтижесінде суккулент ӛсімдік-
терде фотосинтез интенсивтілігі (қарқындылығы) ӛте тӛмен. Нә-
тижесінде бұл ӛсімдіктер ӛте баяу ӛседі, табиғи жағдайда тұтас-
қан ӛсімдіктер қауымдастығын (фитоценоз) құрай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет