Сімдіктер экологиясы


эфемерлер мен  эфемероидтар



Pdf көрінісі
бет29/83
Дата27.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#130374
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83
эфемерлер
мен 
эфемероидтар.
Эфемерлер
тобына жататындар ерте кӛктемде далалық жә-
не шӛл далалық аймақта гүлденген кілем сияқты жайқалып ӛсе-
тін ӛсімдіктер: 
кӛпжылдықтар 
– қызғалдақ, қазжуа, кӛк сүңгі, құс сүтте-
ген; 
біржылдықтар
– кӛкнәр (мак), әжік, бӛденешӛп т.б.
Бұлардың ӛсу дәуірі ӛте қысқа (4-6 апта), ал тыныштық ке-
зеңі ұзақ. Қуаңшылық кезеңді және қыс айларын біржылдықтар 
– тұқым (дән) күйінде, ал кӛпжылдықтар – пияз баданасы, түй-
нек, борық тамыр күйінде ӛткереді. 
Аталған ӛсімдіктер ыстық далалық, шӛл және шӛлейт ай-
мақтарда ӛсетін болғандықтан мезофиттерге жатқызу бір жағы-
нан қиын. Бірақ олардың ӛсу дәуірі ӛте ерте, қар еріген кезден 


45 
басталады, еріген қар ылғалын, кӛктемгі жауын-шашынды тиім-
ді пайдаланып, қысқа мерзім ішінде ӛсіп дамып үлгереді. Олар-
дың морфологиялық-анатомиялық және физиологиялық ерекше-
ліктері мезофиттер сияқты. Транспирация мӛлшері ксерофит-
терден жоғары, су режимін реттегенде судың кӛп булануынан 
қорғану, бейімделу қасиеттері жоқ. Атап айтқанда жапырақтың 
түкті болуы, кутикуламен жабылуы, лептесіктердің аз болуы, 
жапырақ кӛлемінің азайып, бірақ етті және ақшылдау түсті 
болуы т.б. ерекшеліктері жоқ. 
Кӛктемдегілерінен басқа, күздік 
эфемероидтар
бар (Crocus, 
Scilla туыстығы, т.б.). Олар климаты Жерорта теңіздік типтегі 
(жазғы қуаңшылық, күздегі-қыстағы жауын-шашын) аймақтар-
да ӛсіп дамиды. Бұлардың морфологиялық және анатомиялық 
құрылысы – мезофиттік. 
Ксерофиттер.
Ылғал ӛте аз жерлерде, топырақтық және 
атмосфералық қуаңшылық жағдайында ӛсетін ӛсімдіктер тобы. 
Бұл жерлерге – шӛл, шӛлейт аймақта, құрғақ далалық жағдайда, 
саваннада, құрғақ субтропикада ӛсетін ӛсімдіктер жатады. 
Аталған аймақтардағы қолайсыз су режимінің болу себепте-
рі: жауын-шашынның ӛте аз болуы; ауаның құрғақ болып, тем-
пература ыстық болғанда ӛсімдіктер транспирацияға су (ылғал) 
кӛп шығындалады. 
Ылғалдың ӛте аз болуына ӛсімдіктердің бейімделу жолда-
ры: 
1) топырақтан ылғалды кӛбірек сіңіріп, аз буландыру; 
2) ұлпалар мен клеткаларда судың кӛп мӛлшерде азаюына 
тӛзімді болуы; 
3) әртүрлі морфологиялық және құрылымдық бейімделу ӛз-
герістері, олар: 
а) тамыр жүйесінің ӛте тереңге ӛсіп дамуы (жантақ, тамыры 
3-5 метрге дейін тереңдеп ӛседі, тамыр массасы жер беті мүше-
лерінің салмағынан 10-12 еседей кӛп);
б) транспирациялаушы алаңы – жапырақтың кӛлемінің кіші-
рейуі (жапырақтары кішкентай, жіңішке, редукцияланып, сабақ 
тәрізді болуы мысалы, сексеуіл, түйетікен, жусан, селеу);
в) жапырақ эпидермисі қалың, қатпарлы, тығыз түкті (түкті 
кілем тәрізді); 


46 
г) лептесіктері арнайы ойыққа орналасқан; 
д) күн ыстық болып, ылғал кӛп шығын болғанда жапырақ-
тары жиырылып, түтік сияқты болады; 
е) жапырақтағы клеткалар майда, тығыз орналасқан, клетка 
аралық қуыстары аз немесе жоқ. 
Су режимін реттеуіне және құрылымдық ерекшелігіне бай-
ланысты ксерофиттердің бірнеше түрлері бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет