фотосинтетикалық белсенді (активті) ра-
диация
(ФБР, немесе ФАР) деп аталады. Бұл сәулелер толқыны-
ның ұзындығы 380-710 нм. ФБР қарқындылығы (қуаттылығы)
Дж/см
2
∙мин
энергетикалық бірлігімен белгіленеді.
Күн радиациясы балансы негізінен тӛмендегідей (3 – сурет):
S – тікелей күн сәулесі радиациясы, Күн дискісінен Жерге
параллельді сәулелер күйінде келіп түсетін радиация. Горизон-
тальды жазық бетке (жапырақ бетіне) келіп түсетін сәулелер ра-
диациясы.
D – аспанның шашыранды радиациясы, атмосфера ыды-
ратып шашыратқан және бұлттардан серпіліп шашыраған Күн
сәулесі радиациясының бір бӛлігі және ол горизонтальды жазық
бетке келіп түседі.
Q – қосынды радиация, S+D-ға тең.
R – жер бетінен серпіліп шашыраған қосынды радиация, го-
ризонтальды жазық бетке (жапырақ астына) тӛменнен келеді не-
месе ғарышқа шашырап кетеді.
Күн радиациясы атмосфера қабатынан ӛткенде мӛлшері жә-
не құрамы бойынша кӛп ӛзгерістерге ұшырайды (3-сурет). Бар-
лық радиацияның 42 %-ын (33 % + 9 %) атмосфера кері ғарыш-
14
қа шашыратады, 15 %-ын атмосфера қабаттары сіңіреді және
бұл энергия ауаны жылытуға жұмсалады. Күн радиациясының
тек 43 %-ы ғана тікелей сәулелер (S-27 %) және шашыранды ра-
диация (D-16 %) күйінде жер бетіне (ӛсімдіктерге) келіп түседі.
Ӛсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері жоғарыда аталған сәуле-
лермен бірге топырақтан, судан, басқа ӛсімдіктерден және зат-
тардан серпіліп шашыраған сәуле радиациясын (R, бұл 3 – су-
ретте пунктирлі сызықпен белгіленген) қабылдап сіңіреді. Бұл
сәулелер радиациясының мӛлшері шашыратушы топырақ, зат-
тар сипатына, қасиетіне байланысты.
Ӛсімдіктер жамылғысына келіп түсетін фотосинтетикалық
белсенді радиация (ФБР) мӛлшері ендіктер бойынша әртүрлі
(3 – кесте, 4-сурет). Тропикалық аймақта маусымда келіп түсе-
тін ФБР мӛлшері шамамен 10-7 млрд. ккал/га, субтропика айма-
ғында – 7-5 млрд. ккал/га, ал 40-50° ендіктегі Арал ӛңірі жағада-
йында 4,5-3,5 млрд. ккал/га энергия келіп түседі. Бұл гектарына
400-250 центнер биомасса құралуына жетерлік энергия.
|