Зат есімде: Сын есімде: -қай (балақай) -қай (сұрқай)
-ша (кітапша) -ша (сұрша)
-аң ( сораң) -аң (жасаң)
Осындай ұқсастықты байқаған А.Ысқақов былай деген: «Өзге қосымшаларға қарағанда жаңа формалар тудыру жағынан әжептәуір құнарлы –ша, (-ше) жұрнағы кейбір сапалық сын есімдерге еркін жалғана береді (ақша, сарыша, көкше, қызылша, сұрша, семізше, қысқаша, т.б.) ... Сын есімге жалғанып, сапаның я белгінің жетімсіздігін білдіретін осы жұрнақтың мағынасы мен қызметінде зат есімге тән –ша жұрнағына тән ұқсастық та, құрылымдастық та бар.... Бұл айғақтар зат есім мен сын есімнің өзара қатынасында, олардың шығу төркіні мен даму заңдылықтарында тек сыртқы форма жағынан ғана емес, ішкі мағына жағынан да жалпының барлығын дәлелдеумен қатар, бұл қосымшалардың зат есімге жалғанғанда да, сын есімге қосылғанда да оларға толымсыздық, олқылық рең жамайтынын мойындатады /8.185/.
Келтірілген деректердің барлығы зерттеу нысанына алып отырған -аң, -ша, -қай қосымшаларының семантикасында шырайға тән мағынаның бар екендігін, әрі оның көптеген түркі тілдеріне тәндігін көрсетеді. Сол себепті де грамматикалық абстракция жасай алмаса да, аталған қосымшаларды сынның бәсеңдік, солғындық реңкін беретін шырай тұлғасы ретінде қарау қажет деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Ғ.Мұсабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2008.
2. Б.А.Серебренников пен Н.З.Гаджиева.Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. М.,1986.
3.Ы. Маманов. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс,2007.
4.Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы: Рауан, 1998.
5.Тектіғұл Ж. Қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің эволюциясы. Алматы, 2002.
6. Қайдаров Г.Структура односложных корней и основ в казахском языке. А.,1986.
7.Чареков С.Л. Прилагательные в монгольских языках в сравнении с другими алтайскими языками. Л., 1990.
8.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі,1991.
Резюме В статье рассматривается семантика и функция некоторых суффиксов, выражающих сравнительную степень прилагательных.