• сынақ зертханаларын аккредиттеу және сынақ нәтижелерінің сапасын бағалау жүйелері бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу; зертханаларды аккредиттеу жүйелерін тану туралы екіжақты және көпжақты келісімдер жасау арқылы ұлттық аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін өзара тануға жәрдемдесу;
• сынақ зертханаларын аккредиттеу мәселелері бойынша мүдделі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.
ILAC міндеттеріне сондай-ақ халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға және оған неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға көмектесу, халықаралық және ұлттық деңгейде жұмыс істейтін сертификаттау органдарымен белсенді ынтымақтастық кіреді.
Аккредиттеуді дамытуға байланысты нақты мәселелерді шешу және халықаралық ұсынымдарды дайындау үшін ILAC әртүрлі елдердің мамандары қатысатын жұмыс органдарын – жедел топтарды құрады. ILAC өз қызметін стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдармен – ISO және IEC-пен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
ILAC құрылымына келесі жұмыс органдары кіреді:
• Зертханалардың практикалық жұмысы жөніндегі комитет;
• ILAC Жобалау комитеті.
ILAC қызметі сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі органдар деңгейінде келісімдер жасауда маңызды тәжірибелік рөл атқарады. ILAC басылымдары осындай келісімдердің келесі түрлерін анықтайды:
• шетелдік зертхананы мүдделі тарап тану – сынақтар жүргізу қажет кез келген өнеркәсіптік немесе коммерциялық ұйым;