Сындарлы тұрғыда талантты және дарынды балаларды оқытудың мүмкіндіктері



бет2/5
Дата10.04.2023
өлшемі24,9 Kb.
#81030
1   2   3   4   5
Критерий

Дескриптор

Ұпай

Деректер арқылы мәлімет беру

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі

3

Деректермен жұмыс жасай алады

2

Деректері бар, толықтыруды қажет етеді

1

Өз тақырыпшаларын бастапқы топта талқылау кезінде оқушылар бір-бірінің айтқанын сынаған жоқ, механикалық есте сақтау үлгісімен тарихи фактілерді қайталап отырды. Бірақ бұл әрекет сындарлылыққа негізделген еді. Себебі, оқушылар өз тобы мүшелерінің айтқанынан тәжірибе жинақтай отырып, әрқайсысы мәліметтерін топқа жеткізудің балама тәсілдерін іздестірді. Сонымен қатар, оқушылар сөйлеушіні мұқият тыңдап, ұсынылған критерий бойынша деректермен мәлімет беруге тырысты. Топтық әңгімені бақылай жүріп, оқушылардың түрлі деңгейдегі түсіндірмелерінен тақырыпқа қатысты түрлі ойда болғанын көрдім. Олар оқулықтағы дайын мәліметті бірін-бірі қайталап айтқаннан гөрі өз көзқарасымен жеткізуге тырысты.
Әрі қарай алған мәліметтерін талдай отырып, жинақтап беруге арналған тапсырмалар берілді.
1-топ: 80-90 жж. реформаны 1867-68 жж. реформамен салыстыру арқылы таныстырылым дайындау
2-топ: Тақырып бойынша ментальды карта дайындау
3-топ: Реформа бойынша аумақтық өзгерістерді картада бейнелеу
Бұл тапсырманы да өзін-өзі критерийалды жеке бағалау парағында және «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы өзара топтық бағалай отырып, орындалған тапсырманы жетілдірудің тәсілдерін ұсынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет