Сындарлы тұрғыда талантты және дарынды балаларды оқытудың мүмкіндіктері


Ұпай Өзіндік пікірлерін дәлелдеуі



бет4/5
Дата10.04.2023
өлшемі24,9 Kb.
#81030
1   2   3   4   5
Ұпай

Өзіндік пікірлерін дәлелдеуі

Оқиғаға өзіндік бағасын берді

3

Өзі дәлелдей алды

2

Басқаның көмегімен дәлелденді

1

Тапсырмаға критерий құру оқушыға өз жұмысының сапасына назарын аударып, жақсартуға болатын жақтарын талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, оқыту үдерісін жақсартудағы өзін-өзі бағалаудың рөлін түсіне отырып, табыс критерийлерін дайындай біледі, оқуға деген көзқарасы қалыптасады.
Ата-аналар сағатында Сындарлы оқыту Бағдарламасы туралы түсінік беру, оның негізінде сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерге деген түсініспеушілікті болдырмау үшін олардың өзін топтық талқылауға, «Бағдаршам» стратегиясымен бағалауға қатыстырылды. Осы үдерістің өз балаларының бойынан өтетіндігін түсіне отырып, ата-аналар бұл стратегияның белгілі бір тапсырманы орындау барысында ойлануға итермелейтіні туралы пікірлерін білдірді.
Сабақтан сабаққа дарынды оқушылардың қарқынды дамуын бақылау қажет. Талантты балалардың пән сағатында қажеттіліктері қанағаттандырылмауына байланысты қарапайым деректерді есте сақтаумен ғана шектеледі. Сондықтан оқушылардың тәжірибелері мен білім деңгейлерінің әртүрлілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмалар оларды қанағаттандыратын нұсқалардың кең спектрін ұсынуға мүмкіндік береді. 8 – сыныпта өткізген «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шешуші кезеңі» тақырыбындағы сабағымда «Кезбе тілші» әдісімен көтеріліс туралы жаңалықтар бағдарламасын дайындауға берген болатынмын.
1-топ:Телефон соғылып жатқанға ұқсатып, топ мүшелері радиоға қоңыру шалу арқылы сұрақтар берсе, жүргізушісі көтеріліс бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлады.
2-топ: Телестудиядағы диктор: «Жаңалықтар» бағдарламасы ізімен жиынтық ақпарат берді.
3-топ: Тілші: оқиға орнынан ақпаратты ғаламтордан алынған бейнежазба арқылы баяндады.
4-топ:Тілші сұхбат алатын куәгер. «Сіз не дейсіз?» бағдарламасының ізімен негізгі кейіпкер – Кенесары туралы еске алып, оқушы орыс тарихшысын сомдады. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігі және оның дарындылықпен тығыз байланыстылығын сезіне отырып, оқушылардың «рөлде» болған кезде қалыптасатын «нағыз» құзіреттіліктерін жетілдіру үшін кеңейтілген тапсырманы қолдандым.
Дарынды баланың жоғары ойлау деңгейіне арналған мүмкіндіктерді жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау арқылы дамытуға болады. «Орал өңірі» газетінің 17 сәуірдегі санында өлке тарихына байланысты 10 – сынып оқушысы Өтешов Қайыржанның «Ғалымның тапқан жебесі...» атты мақаласы жарияланды. Оқушының Шалғын ауылынан табылған темірді зерттеп, оның «қозыжауырын» жебе екенін анықтауына миға шабуыл түрінде берілген ұсыныстар түрткі болды. Талдау және интерпретация үшін....
----- қалай/ қайдан табылды?
Егер --------- болса не болушы еді?
------- неге ұқсайды? Оның айырмашылығы неде?
-------- Бұл неге маңызды?
------ Автордың пікірі қандай?
------ нені рәміздеп көрсетеді? Осындай үлгідегі сұрақтар жебе тарихына қатысты танымдық әдебиеттер мен батырлық жырлардан тарихи деректерді іздей отырып, әртүрлі жолмен бір қорытындыға келуіне жағдай жасады. Мақаланы жазуда оқушы сөздердің жазылуы мен мағынасына үлкен мән берумен қатар, пайдаланған әртүрлі фактілердің арақатынасын айқындай алды. Жоғары деңгейлі сұрақтар арқылы оқушының сыни ойлауы мен зерттеу қабілетін жетілдіруге болатынына тағы да көз жеткіздім.
«Сыни тұрғыдан ойлау - сыныптағы шынайы және ұзақ өзгерістің ерекше қозғаушы күші» десек, «Ресей империясы әскерлерінің Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және Орта Азияны жаулап алуы» тақырыбындағы сабақта «Алты ойлау қалпағы» әдісімен берілген тапсырмада оқушылар ақпараттар жинады, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдады, бағалады, өз болжамдары мен ұсыныстарын білдірді. Қызыл қалпақтың ерекшелігіне сай оны киген оқушы өз ойын ХҮІІІ ғасырдағы ел басына күн туған заманда өмір сүрген хан-батырлардың атынан өлеңмен былайша жинақтады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет