Сынып: 5 Пәні: Жаратылыстану Бөлім:Ғалам. Жер. Адам


Гипотеза (гректің – негіз, жорамал) - дегеніміз қайшылықты проблемаларды қалай шешу туралы жорамал



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі4,11 Mb.
#123424
түріСабақ
1   2   3   4

Гипотеза (гректің – негіз, жорамал) - дегеніміз қайшылықты проблемаларды қалай шешу туралы жорамал.

Гипотеза термині - гректің hypothesis деген сөзінен алынған, бұл негіз , ғылыми болжам деген мағынаны білдіреді. Гипотезаны ғылымда пайдалану процесін мынадай сатыларға бөлуге болады: жаңа фактінің ашылуы, оған қатысты құбылыстарды жан-жақты зерттеу, оның себебі, заңдылық байланыстары жөнінде ғылыми жорамал, гипотезаны ұсыну, жорамалдың логикалық жолмен салдарын анықтау бұл салалардың шындыққа қаншалықты дәл келетінін айқындау.

Жердің пайда болуы туралы бастапқы кезде әртүрлі пікірлер болған,енді оқушылар мына бейнебаянға назар аударайық

https://www.youtube.com/watch?v=cAtdk9vZtP4

Күн және Күн жүйесіне кіретін басқа планеталар аспан әлемін құрайтын алғашқы ортақ материядан, газ-тозаңды заттардың біртіндеп қоюланып тығыздалуына байланысты пайда болады.


Жердің пайда болуы туралы болжамдар
  • Күн және Күн жүйесіне кіретін басқа планеталар аспан әлемін құрайтын алғашқы ортақ материядан, газ-тозаңды заттардың біртіндеп қоюланып тығыздалуына байланысты пайда болады.
  • Бүкіл әлем — өте ұсақ бөлшектерден құралған ең алғашқы материядан тұрады; жұлдыздардың, Күннің және т. б. ғарыштық денелердің құралуы — дүниежүзілік тартылыс заңы бойынша, суық күйдегі алғашқы ұсақ бөлшектердің ретсіз (хаостық) қозғалысы жағдайында, жеке бөлшектердің бір-біріне тартылып, ірі денелер түрінде бірігуімен байланысты

Отто Юлевич Шмидт
Иммануил Кант
Пьер Симон Лаплас
  • Планеталар жүйесі Күнді қоршаған суық күйдегі алғашқы газ-тозаңды тұмандықтар мен метеориттік заттардың Күнге қарай тартылып Күнмен бірге галактиканы айналу барысында пайда болады.

Жорж-Луи Леклерк
де Бюффон
Ж.Бюффон (1707-1788) өз шығармаларында Жердің қалдықтардан пайда болғандығын зерттейді, ол кометаның соғуынан Күннен алшақтап кеткен деп ойлаған. Ж.Бюффон Жердің суу салдарынан атмосфера буларының конденсациясы нәтижесінде жер Әлемдік мұхитпен қапталды. Материяның тірі бөлшектерінен аздаған жануарлар мен өсімдіктердің формалары түзілген, олардан климаттың, қоректің және гибридизацияның өзгерістері салдарынан қалған түрлер пайда болған. Африка және Оңтүстік Американың кейбір жануарлары арасындағы ұқсастықтарды Ж.Бюффон ол материктер ертеректе бір бүтін болуымен түсіндіреді, ол қазіргі замандағы материктер дрейфі теориясына бастама берген.
Стикерлер көмегімен группаға бөлеміз:
  • І группа – неміс ғалымы Иммануил Канттың ізбасарлары,
  • ІІ группа - француз астрономы және математигі Пьер Лаплас ізбасарлары,
  • ІІІ группа – француз ғалымы Жорж Бюффон ізбасарлары,
  • IV группа – орыс ғалымы Отто Юльевич Шмидт ізбасарлары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет