Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жайық өзені өз тарихында критикалық жағдайдағы ең төменгі күйге жетті. Зерттеу жобасы қандай факторлардың өзен су деңгейі мен экологиясының күйреуіне әкелгендігін көрсетумен өзекті болып отыр. 2022 жылы «Жасыл экономика» бағдарламасын ұстана отырып, Қазақстан Жайық өзеніне мемлекет тарапынан республикалық маңызы бар статусы беріліп, болашақта қандай жоспарларды іске асырылуы керектігі туралы таныстыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мен бұл ғылыми жұмысымның тақырыбы ретінде - Жайық өзеніні алабының «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі» бағдарламасы негізінде су ресурстарын пайдалану стратегиялары мен объективті негізде оған талдау жасау және деградацияға ұшырау үдерістерін азайту үшін жасалынатын шаралар туралы баян еттім.
Зерттеу әдістері:
Жалпы білім беретін №37 С.Зиманов атындағы орта мектептің 9 А - сынып оқушысы Орынбасар Аяулымның « Жайық дабыл қағуда » тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына Пікір: Орынбасар Аяулымның алып отырған тақырыбы қазіргі кезде Атырау облысының ең өзекті мәселесі болып отыр. Себебі, Жайық өзенінің тағдыры келер ұрпақты алаңдатып отырғаны қуантады. « Жайық дабыл қағуда » атты ғылыми жобасының өзінде автор Жайық өзенінің ең актуальді мәселесін қозғап отырғаны, оның жүйелік өрбуінде Урал өзенінің Ресей Федерациясының шекарасынан алып келген бастауынан бастап зерттейді.
Сонымен қатар, автор Жайық өзенінің бүгінгісі мен ертеңіне SWOT талдауы бойынша күшті тұстарын, әлсіз тұстарын, болашақта Жайыққа не болады, қандай қатерді күтуімізге болады сол туралы ашық жазған. Бірінші бөлімше де Жайықтың географиялық сипаттамасы берілсе, екінші бөлімше де экономикалық – демографиялық тұстарын жаза отырып, шаруашылық үшін қандай стратегиялық маңызы бар екенін ашып көрсеткен.
Жобаның үшінші бөлімінде автор Жайық өзеніндегі табиғи биоалуандылықтың не себепті жойылып бара жатқанын, аса қымбат уылдырықты бекіренің неге азайғанын, кеме қатынастары бұрынғыша неге болмайтыны туралы баяндаған. Жайық өзені тарихында Атырау облысының қандай ірі қателіктерді жасағанын, және оларға кімдердің ықпалы болғаны туралы да зерттеген. Соңғы бөлім де автор өлкеміздегі « Бекіре -2022 » балық қорғау шараларының қызметтері туралы жазған.
Орынбасар Аяулым Өлкетану бойынша зерттеу жобасында " Жайық дабыл қағуда " атты практикалық зерттеу жүргізеді, автор Жайық өзенінің қазіргі ахуалымен танысып, қазіргі жай – күйін қарап, зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды, ғаламтордан ізденген. Жұмыс жоспар бойынша жазылып, толық орындалған. Сонымен қатар Орынбасар Аяулым көп ізденіп, жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген және де нақты деректер негізінде зерттей білген. «Атырау Су арнасы» КМК – ға барып, қазіргі сумен қамту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын, Атырау Мұнай өңдеу Зауытының қазіргі көрінісіне мән берді. Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.