Сынып жетекші



Дата22.10.2022
өлшемі1,8 Mb.
#44850
түріСабақ
Байланысты:
СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - 3

«Сынып жетекші»


Орындаған: Қожахан Іңкәр
Кабылбекова Аяулым
Елеусизова Дильназ

  • Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Ол өсіп келе жатқан бала үшін – кәсіпкер-педагог.
  • Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты — мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеугс барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

  • Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы «гимназиядағы сынып тәрбиешісі» Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.

Сынып жетекшінің атқаратын қызметтері (функциялары)

Талдау қызметі:

  • Балалар мен жасөспірімдердің жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
  • Әр оқушының отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеп, талдау;
  • Сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
  • Қоршаған айналасының сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
  • Өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;
  • Тәрбиелік ықпалмен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
  • Оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәтижесін болжау;
  • Ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
  • Ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арсындағы, оқушыр мен оқытушылар, ата-аналар мен оқытушылар арасындағы);
  • Оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйретуге көмектесу, қатарларының арасында өзін қанағаттандыратын статусқа ие
  • Оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнату.

Сынып жетекшісінің құқықтары:

  • Уақытында көмек көрсету мақсатымен, оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру;
  • Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау;
  • Оқушылардың денсаулығы және психикалық жағдайы туралы мағлұмат алып отыру;
  • Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикемен бірігіп отырып жоспарлау;
  • Ата-аналарды мектепке шақырып тұру;
  • Мектептегі өзін-өзі басқаратын ұйымдарға қатысу: педагогикалық кеңес, әкімшілік кеңесі, ғылыми-әдістемелік кеңес т.б;
  • Өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру формаларын таңдап алу, әдістемлік жұмыстың әрбір түрлеріне қатысу;
  • Егер сынып жұмысының бағасымен келіспесе, өзінің намысын қорғау үшін оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарында немесе мұғалімдер кеңесінде сөз салып сөйлеуге құқықты;

Сынып жетекшісі төмендегідей іс-қағаздар жүргізеді:

  • Сынып журналы;
  • Сынып ұжымымен өткізетін тәрбие жұмысының жоспары;
  • Сынып жетекшісінің дәптері;
  • Оқушылрдың күнделіктері;
  • Оқушылардың жеке құжаттары;
  • Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар;
  • Тәрбиелік шаралар жинақталған папкалар;

Сынып жетекшінің ата-аналармен байланыс жасау жолдары:

1.Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады.

2.Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.

3.Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

Қорытындылай келе…

  • Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет