Сынып жетекшілерінен талап етілетін құжаттар тізбесі Сынып жетекші портфолиесі



бет2/8
Дата24.11.2022
өлшемі37,98 Kb.
#52433
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сынып жетекші құжаттар

1.Мектеп директорының міндеті:
1.1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы, 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкес, жалпы тәрбие жұмыстары мен білім алушылардың оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша сынып жетекшіге жүктелген функцияларды айқындай отырып, олардың міндеттерінің орындалуын қадағалау
2.Мектеп директоры орынбасарының міндеттері
2.1 Мектептегі сынып жетекшілерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жыл 12 қаңтардағы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы № 18 бұйрығы, «Білім туралы» 2007 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2 тармақшалары, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерімен таныстыру.
2.2 Көрсетілген заңнамалар талабына сай, сынып жетекшілерін және сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігін анықтап бекітілуін жүзеге асыру.
2.3 Сынып жетекшілері міндеттерінің орындалуы, олардың білім беру ұйымының жарғысына сәйкес, жаңартылған мазмұндағы әдіснамаларға сай жүйелі, жоспарлы жұмыс жүргізуін үйлестіру, қадағалау
2.4 Сынып жетекшінің түрлі функционалдық қызметінің, соның ішінде мектеп ұжымы, білім алушылар және ата-аналар комитетімен жұмыстарының ұйымдастырылуын қадағалау мен басшылық жүргізу
2.5 Сынып жетекшіге тиісті барлық құжатнамалардың жүргізілуін қадағалай отырып, олардың тәрбие қызметі нәтижелігін өлшемшартармен бағалауды жүргізу


3. Сынып жетекшінің міндеттері:
3.1 Мектептегі сынып жетекшілерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жыл 12 қаңтардағы орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы № 18 бұйрығы, «Білім туралы» 2007 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2 тармақшаларына сәйкес,сынып жетекшілеріне төмендегіше міндеттер мен функциялық қызметтер жүктеледі
1.Сынып жетекші жаңа оқу жылының бірінші он күнінің ішінде сыныбындағы барлық оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасай отырып, отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау, үй-жайына барып, оқушының әлеуметтік, психологиялық ахуалын анықтауға;
2.Сыныптағы білім алушылардың оқу үлгерімін, сабаққа толық қатысуын, тәртібі мен тазалығын қадағалауға;
3.Ауысым бойынша оқушыларды сабаққа келуі кезінде күтіп алып, сабақтар біткен соң шығарып салуға, тасымалданатын оқушылардың автобуспен келіп кетудегі қауіпсіздігін қадағалау
4.Сабаққа жиі келмейтін және кешігетін оқушылардың себептерін анықтау және тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізуге;
5.Оқушылардың мектепке ұялы телефон (бағалы байланыс құралдарын),бағалы заттар (алтын, күміс т.б), үлкен сомадағы ақша, суық қару түрлерін алып келмеуі туралы ата-аналарға ауызша және жазбаша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қадағалауға;
6.Егер оқушылар мектепке ұялы телефон (бағалы байланыс құралдарын), бағалы заттар (алтын, күміс т.б), үлкен сомадағы ақша, суық қару түрлерін алып келсе және жоғалтып алса сынып жетекші жауапты болып тиісті жұмыстар жүргізуге;
7.Білім алушылардың күнделік толтыруын тексеру, баға қорына бақылау жасауға;
8.Білім алушылардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасау,оқушының үлгерімі мен тәртібі туралы хабардар ету,сыныптағы ата-аналар комитетімен үйлесімді жұмыс жүргізуге;
9.Білім алушылардың мінез-құлқындағы девиантты көріністерді қадағалау және дер кезінде айқындау, тиісті педагогикалық және психологиялық көмек көрсету, мектеп әкімшілігін хабардар етуге;
10.Сынып оқушыларымен сынып сағаттарын және басқа да сабақтан тыс, мектептен тыс іс-шаралар өткізуге;
11.Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, оқу процесі мен іс-шаралар барысында оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
12.Оқушылар арасында бала құқықтарының бұзылуы ( қорқытып алу, бопсалау,балалардың қаза болуы және басқа жазатайым оқиғаларға ) жол бермеу, қадағалау, құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы уақытылы мектеп әкімшілігін хабардар етуге;
13.Білім алушыларға олардың аса күрделі өмірлік проблемалары мен жағдайларын шешуде әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге;
14.Оқушылар арасынан кезекшілер ұйымдастырып, сынып бөлмесінің санитарлық тазалығы мен мүліктердің бүтіндігін сақтауға, сынып активтерін ұйымдастыруға;
15.Ауа райының жылы кездерінде оқушыларды саппен мектепке кіргізуге, әр аптаның дүйсенбі күні мемлекеттік гимнің орындалуын қадағалауға;
16.Әр білім алушының тұлғасын дамыту, өзін-өзі дамыту, оның әлеуметтік қабілетін ашу және қайталанбастығын сақтау үшін қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға;
17.Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға;
18.Ата-аналардан, оқушылардан қаржылай, материалдық және бағалы бұйымдар түрінде сыйақы алу әрекеттеріне бармауға және мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алуға;
19.Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру, олардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етуге;
20.Апта сайын өтілетін әр бір тәрбие сабақтарында жол қауіпсіздік ережелерін, ( Қауіпсіз мектеп, Қауіпсіз автобус ) тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге
Келісімшарттың күшіне ену мерзімі: 30.08.2021 ж

Келісімшарттың жарамдылық мерзімі: 2021-2022 оқу жылы бойына



Мектеп директоры: Б.Ә.Тастанбекова
____ « » сынып жетекшісі: _____________________________
ДТІЖорынбасары: Н.Есжанов




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет