Сынып жетекшісі : Г. Г. Габдуллина Тақырыбы: Жемқорлыққа жол жоқ ! Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық»


Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті



бет2/3
Дата01.03.2023
өлшемі24,76 Kb.
#70987
1   2   3
Байланысты:
Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді. Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады. Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
Оқырмандарымызды заңгер етуді мақсат етпей, дегенмен толық түсіну үшін қарапайым құқық бұзушылық пен сыбайлас-жемқорлық қылмыстың айырмашылығын түсіндірген пайдалы деп есептейміз. Оның үстіне кез-келген кәсіпкерде штаттық заңгер ұстауға және қорғаушының қызмет көрсетуін төлеуге мүмкіншілігі бар. Сыбайлас-жемқорлық кінәсі тағылған шенеулік қарсы іс-әрекет жасауы мүмкін, сондықтан өз заңдылығын мойындату үшін заң жағынан нық болған дұрыс. 
Сонымен қатар, салық басқармасының ғимаратында, есептілік қабылдайтын Орталықта қызметкерлерге бақылау жасау үшін бейне жазбалар түсірілетін камералар және ұсыныстар мен шағымдарға арналған кітапшалар мен жәшіктер орналастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет