Жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі - күн, су, ауа жайлы және олардың денсаулыққа пайдасын, пайдалану жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың жоғары деңгейде қабылдауын, логикалық ой қорытуын дамыту.
Сынып сағатыныңтүрі:
-дөңгелек үстел
Игерілетіндағды:
Тыңдалым және айтылым
Ресурстар:
1. Интерактивті тақта материалдары
2. Эмблема: Экология және балалар
3. Ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері - слайдтар.
4. Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев т. б. суреттері мен кітаптары.
5. Ұлы адамдар сөзінен цитаталар.
Жүрубарысыналдыналаүйлестіру
. ХХ ғасырдың 40 жылдарында Америка Құрама Штаттары атом бомбасын жасап шығарды. Бірінші атом бомбасы 1945 жылы Тынық мұхиттағы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталды. Бірнеше секундтардан кейін атом жарылыс жүздеген мың адамдардың өмірін қиды. Мыңдаған радиоактивті сәулеге шалдыққан және мүгедек адамдар пайда болды.
Семей полигоны.
Адамзатқа үлкен қайғы - қасірет пен апат әкелетін - ядролық қару. Кеңестер Одағында жасалынған ядролық қаруды сынайтын алаң қазақ жеріндегі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты) Семей полигоны болды. Полигонда 40 жыл бойы 470 рет ядролық қару сынақтан өткен. Атом бомбасы сыналған аумақта: жерде, ауада, суда, топырақта радиоактивті заттардың мөлшерінің артуы байқалған. Семей ядролық полигондағы сынақ қуаты байқалған. Семей ядролық полигондағы сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2, 5 есеге асып түскен.
«Сандар сөйлейді»
1. Арал теңізінің көлемі -
2. Теңіз табанынан атмосфераға жылына қанша тонна тұзды шаң - тозаң ұшады -
3. Қай жылы Қапшағай су қоймасы салынды -
4. Балқаш көлі батыстан шығысқа қарай неше км - ге созылған -
5. Арал теңізінде балықтың неше түрі есепке алынған -
«Кім шапшаң?» ойыны
1.«Арал теңізі» деп тұңғыш атаған кім?
2. Арал теңізі Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
3. Арал теңізінің негізгі балық түрлерін ата:
4. Арал теңізі деңгейінің күрт төмендеуіне не себеп болды?