Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек.
Кері байланыс. - Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?
Жүректен – жүрекке
кластастарыңа жақсы тілектерді сыйға тартайық.
-Деніңіз сау болсын!
-Күн сізбен бірге болсын!
-Жаныңыз сұлу болсын!
-Таза су сізге күш қуат берсін!
Сыныбы:
Уақыты:
Сыныпжетекшісі:
Сыныпсағатының тақырыбы:
«Жүз жасаған бәйтерек»
Сыныпсағатының
- Ақын өмірімен таныстыру және шығармашылық жұмыстарымен танысу
Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сынып сағатыныңтүрі:
- сұрақ - жауап түсіндіру
Венн диаграммасы, ИНСЕРТ әдісі, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Игерілетіндағды:
Тыңдалым және айтылым
Ресурстар:
а) Жамбыл Жабаевтың портреті
ә) Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына
байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер
б) « Жамбыл» тірек - сызбасы
Жүру барысын алдын ала үйлестіру
. -Балалар барлығымыз тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып көңіл күйімізді көтеріп алайықшы.
-Бүгінгі тәрбие сағатымыз Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек.
Яғни Жамбыл Жабаев атамыз жайлы.Биылығы жылы атамыздың туғанына 180жыл.Ендеше барлығымыз назарымызды сиқырлы тақтаға аударайықшы.
Жамбыл Жабаев атамыз 1846 жылы
ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі -Жапа
мықты жауынгер адам болса, анасы Ұлдан мінезі байсалды , ауылға сыйлы, өлең шығара білетін ,
әдемі дауысты әнші екен.Жамбыл кішкентай кезінен өте алғыр бала болып өседі.
Балалар ендеше атамыз жайлы бейнероликке назар аударайықшы.
Бейнеролик:«Жамбыл ата өмірбаяны.»
«Өмірі – аңыз, өзі – абыз» Жамбыл атамыздың өмірінен алынған тағылымды деректер, суреттер, фотосуреттер бойынша зерттеу жұмыстарын жасайды, өлеңдерінің шығу тарихы жайлы баяндайды (ақынның танымал адамдармен қандай қарым-қатынаста болғандығын әңгімелейді).
«Жамбыл – айтыскер ақын» Айтыс өнері туралы, түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, Жамбыл атамыздың суырып салма ақын екендігін дәлелдеп, Құлмамбет ақынмен айтысын талдайды.
«Батаменен ер көгерер» Бата деген не? Оның қандай түрлері бар? Ж.Жабаев өмірінде батаның рөлі қандай?
«Сұхбат» Берілген сұрақтар бойынша аудиторияда, аудиториядан тыс жерлерде сұхбат алады.
а). — Жамбыл Жабаев шығармаларында кеңестік көзқарас көп жырланған, оны бәріміз білеміз, дегенмен, егемендік алғаннан кейін де оқып жатырмыз. Сонда оның өміршеңдігін қайдан, неден көреміз?
— Жамбыл шығармаларындағы кезеңдік сипатқа көзқарасыңыз қандай?