қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.
Жүрубарысыналдыналаүйлестіру
Шаттық шеңбері.
Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады)
Сұрақ қою.
“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір салты не үшін керек?
“Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
/Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./
Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
Бәйге ойыны
1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек? 2.Темекіні тастауға болама?
1.Ішімдік суықта тондырмайды дейді.Оның қаншалықты шындығы бар? 2.Ішімдік тамаққа тәбетті ашып,асқазанның қорытылуына көмектеседі ме?
1.Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе?Неге тез беріледі? 2.Адамның нашақор екенін сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
Дұрыс тамақтану.
Қоршаған орта тазалығы.
Дене шынықтыру.
Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
Зиянды заттарды қабылдамау.
Жеке бастың тазалығын сақтау.
Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
Эмоциялардың оң болуы.