Мектеп өмірінде басты тұлға – мұғалім. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бәрге оларды тәрбиелейді. Сынып жетекшісі – ұйымдастырушысы, ұстазы, ақылшы – кеңесшісі.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгешілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігің қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді ұжымға ұйымдастыру.
Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру.
Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынастарын қамтасыз ету.
Сынып жетекшісінің қызметі Педагогикалық және әлеуметтік - гуманитарлық Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру, және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату.
Ұйымдастырушылық қызметі Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орында талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан,саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару Оған: нақты мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжм жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Жоспарлау Бұл сынып жетекшісінің педагогикалық жіне сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызмет-педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгілі бір тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В. А. Сухомлинский де
«Тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші-сауатсыз күтушіге, педагогика – балгерлікке айналар еді» - дейді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруға қамтамасыз етеді.
Сынып жетекшісі жұмысындағы циклограмма: Күнделікті: Сабаққа кешігушілермен жұмыс және сабаққа келмегендердің себебін анықтау; оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру; сынып ұжымындағы кезекшілікті ұйымдастыру; оқушылармен жұмыс.
Апта сайын:Оқушылардың күнделігін тексеру; жоспар бойынша сыныптық шаралар ұйымдастыру; ата-аналармен жұмыс; пән мұғалімдерімен жұмыс; мектеп дәрігерімен жұмыс.
Ай сайын: Өз сыныбындағы сабақтарға қатынасу; мектеп психлогымен кеңес; ата-аналар комитетімен кеңесу.
Тоқсанына бір рет: Тоқсан қорытындысы бойынша сынып журналын толтыру; сынып жетекшілері семинарларына қатысу; ата-аналар жиналысын өткізу.
Жылына бір рет: Ашық шара өткізу; оқушылардың жеке іс-қағаздарын толтыру; сыныптың жұмыс жоспарын белгілеу.
Сынып жетекшісінің құжаттары Сынып журналы
Тәрбие жұмысының жоспары
Оқушылардың жеке іс-қағазы
Балалардың жеке дамуының картасы
Ата-аналар жиналысының хаттамасы