Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектепте - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, үйлестіруші және өткізуші педагог.
Сынып жетекшісі – мектеп пен баланың арасындағы қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің санқырлы түрлері арқылы ұйымдастыратын кәсіби педагог, әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасайды және өз қызметін мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік мақсаты
Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.
Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.
Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сагаты деп аталады Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекетгерге катысады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - окушылардын адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабактан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдык, белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды касиеттері қалыптасады.