Сынып сағатының ағартушылық кызметі оқушылардың оку бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды. Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір затгық және рухани құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады. Бағыттаушылық кызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық, әрекетке бағыттауға көмектеседі, Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлкында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады. Қалыптастырушылық кызметі де жоғарыда 3 аталған, кызметін орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айнадыруды калыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін корғай білуді көздейді :
СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Сынып сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және қорытынды бөлімі. Ұйымдастыру бөлімінде окушылардың назарын талқылап отырған такырыптың максат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалык жағдаяттан немесе тақырыпқа катысты кейбір деректерден мысал келтіру аркылы ұйымдастырған жөн. Бұл оқушылардың қызығушылығы мен көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік береді Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады. Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Окушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге катысты жаңа мағлұматтар алады, оған өздерінің көзкарастарын білдіріп және пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын ала даярлаған материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, оны кызу талкылайды. Соған орай тәрбие сағатьшының басым уакыт мөлшері осы бөлімге беріледі.Бұл кезеңде мұғалім немесе сынып жетекшісі балалардың белсенді катысын орнықтырып, тәрбиелік ықпалды күшейтеді. Оның нәтижесі алдын-ала жасалған болжамға қаншалықты сай келетінін анықтайды.
Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие са,атынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-кұлқына жаңа сипат ендіруте деген ықыластарьын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уакыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзак болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімінің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын корытындылайды.