Сынып сағаты – оқушыларда қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайтын, арнайы ұйымдастырылған құндылықты-бағдарланған қызмет (Н.Е Шуркова, Н.С Финданцевич).
Сынып сағаты – сынып жетекшісінің сынып ұжымымен жүздесуіне бөлінетін уақыт, онда ол өзара қатынастың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және құралдарын пайдаланады (Е.В Титова).
Сынып жетекшісінің сағаты – бұл сынып оқушыларының қоршаған әлемге қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін, педагогтың жетекшілігімен арнайы ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының формасы (Л.В Байбородова).
Тәрбие шарасының өту барысы
Ұйымдастыру сәті (...мин)
Кіріспе бөлім (...мин)
Негізгі бөлім (...мин)
Қорытынды бөлім (...мин)
Барлық қатысушыларға қызықты болатын
сынып сағатын өткізу туралы ұсыныс:
сынып сағатының тақырыбын анықтамас бұрын оқушылармен сауалнама жүргізу;
сынып сағаты тақырыбын таңдағанда оның өзекті болуын ескеру;
тақырып балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек;
өздері бастама жасаған ұйымдастырушыларды анықтау, олардың ресми емес лидерлер болғаны жақсы;
көрнекі материалдарды дайындайтын шығармашылық топты анықтау;
қосымша әдебиеттерді, ақпараттарды табу;
ұжымды түгел қатыстыруға тырысу;
сынып сағатын үйреншікті емес, инновациялық формада ойындар, көріністер т.б.) арқылы өткізу;
сынып сағатын өткізудің оптималды уақытын таңдау (ерте де емес, кеш те емес), балалар тамақтанғаннан кейін.
сынып сағатының басталу және аяқталу сәтін жақсылап ойластырған дұрыс. Оны әзілмен бастап байсалды аңызбен (мысал) аяқтау қажет.
сынып сағатын өткізуге қолайлы орын таңдау (үстел, орындықтар шеңбер түрінде қойылғаны жақсы).