Сынып: Мерзімі: ІІ тоқсан Ата-аналар саны: 17 Сынып жетекші



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі34,59 Kb.
#56920
  1   2   3

Ата-аналар жиналысының жоспары


Мектеп: №6 Сынып: Мерзімі: ІІ тоқсан Ата-аналар саны: 17
Сынып жетекші: Оңдабаева Фатима Калнизовна
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата ана»

Мақсаты:

  • Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.

  • Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

  • Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
    Міндеті:
    1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
    2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
    3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
    Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
    Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Ресурстары: (материалдары, көздері)
Видеожазба-лар, слайд, үлестірме парақтар мен шамдар, әуен.



Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)


1. Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
Парақшалар тарату
2. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Талдау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет