Сынып сағат тақырыбы: «Кибербуллинг» Орындаған


Зорлық-зомбылықтың құрбандары –



бет6/6
Дата09.02.2023
өлшемі126,49 Kb.
#66509
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4.10.2022 Кибербулинг

Зорлық-зомбылықтың құрбандары – отбасында, білім беру және қорғаншылық мекемелерінде (физикалық, жыныстық, психологиялық зорлық, кемсітушілік немесе қиянат жасаушылық, қамқорлықтың болмауы, дөрекі қарым- қатынас пен қанаушылық ) жағдайға тап болған балалар. 
Зорлық – зомбылық түрлері 

    1. Физикалық зорлық:  Соққы, жармасу, алақанмен немесе жұдырықпен не болмаса басқа да нәрселермен ұру, ешқайда шығармау, тұншықтыру, соққыға жығу, ұрып – соғу, қару- жарақ қолдану, отпен зақымдау, әлеуметтік немесе медициналық көмектің жәбірленушіге қолжетерлік жағдайда болмауы және т.б. 

    2. Жыныстық зорлық:  Күшпен, қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа көндіру, зорлау; жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау және т.б. 

    3. Психологиялық зорлық: Сөзбен кемсітушілік, бопсалау, құрбандарға және басқаларға өзіне қатысты зорлыққа қоқанлоқы, жеке заттар мен үй жануарларына қатысты зорлық арқылы қорқыту; аңду; жәбірленушінің қызметін бақылау; жәбірленушінің араласатын ортасын бақылау; зәбірленушінің әр түрлі орындарын (әлеуметтік және медициналық көмегін, жолкөлігін, достарымен араласуын, білім алуын, жұмысын және т.б.) бақылау. 

    4. Эмоциялық зорлық: жәбірленушіні өзін кемсітетін әрекеттерге күшпен көндіру, жәбірленушінің күн тәртібіне бақылау жасап отыру т.б. 

    5. Экономикалық зорлық: Балаларды қамтамасыз етуден бас тарту; табысты; отбасылық қаражатты оң- солды жұмсау, көптеген қаражаттық шешімдерді өз бетімен қабылдау ( азық – түлік алуда балалардың қажеттіліктері есептелмейді). 

    6. Балалар еңбегін қанау:  күшпен жұмыс істету, құлдық, қорқытып алу, қайыршылық.

Артерапия «Мұңымды тарқатамын»
«Алгоритм решение проблем»
Берілген тақырыпқа қатысушылар сурет салады және талқылайды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет